пайдалану дегеніміз – автор табиғатты сөйлете отырып, кейіпкерінің жан
толғанысын тереңдете түседі, оқушыға әсерін арттырады, ал бұл өз
кезегінде кейіпкердің мінез-құлығын ашуға көмектесетіні даусыз. Демек,
суреткер пейзаждық детальдарды тегін, бейберекет алып, пайдаланбайды.
М.Әуезов бастаған осы бір әдісті, табиғаттың жанға жайсыз кезеңін
адамның жеке өмірімен, басындағы қалың қайғымен астастыра бейнелеу тәсілін
М.Мағауин өзінің «Бір уыс бидай» новелласында шебер қолданады. «Аспанда
теңгедей бұлт көрінбейді. Күн биікке шығып алған, шақырайып тұр. Бәрін де
күл-топыраққа теңегісі келгендей, жер-дүниені күйдіріп, қуратып барады. Жел
де тына қалыпты. Тыныштық. Аяқ басса шаңы көтеріліп, ұнша үгітілетін
шөптің арасынан үзіліп-үзіліп шыққан шегірткенің шырылы ғана тыныштықты
бұзғандай. Тыныштық. Бүкіл дала өліп жатқан сияқты» [125, 52]. Расында бүкіл
дала өліп қалған болатын. Бақанас бойындағы ауылдан ешқандай тіршілік
103
белгісі байқалмай, қыбыр еткен жанның жоқтығын автор «осындай ыстықта
тілін салақтатып, ырсылдап көлеңкеде жататын төбеттер де көрінбейді» деп
келтіреді. Автор киіз үйді қорымға ұқсатып, адам өлігін аңдып жүрген
қарақұстарды, осындай сұрықсыз табиғат көрінісін суреттеу арқылы
оқырманын алда болатын жүрек сыздатар сұмдық оқиғаға дайындайды. Ол –
кешегі жуанқарын, сары шегір Сығырбай бай мен оның ашулы бәйбішесі
Айғаншаның бие сауушысы, әдепкі кедей кейінгі марқұм боп кеткен «кәмөнес»
Жұманның әйелі «Салтақ күң» атанған Алмажан еді. Аштықтың азабы өткен
Алмажанның өлімші халін: «тізерлей еңбектеген біреу осы үйіншіктердің
арасынан әлдене іздеп жүрген сияқты. Біреуінен соң біреуіне көшеді.
Тынымсыз ақтарып жатыр. Сорайған ұзын саусақты, терісі сүйегіне жабысып,
тамырлары білеудей болып көгеріп шығып тұрған тарамыс қолдарымен
сабанды уыстап суырып, ішінен масағы барларын алады да, алақанына үгіп,
қауызын үрлеп ұшырады. Көбіне алақанда ештеңе қалмайды, кейде екі-үш дән
қалады. Мұндайда алақанында дәні бар қол өзінен-өзі ауызға барып қалады да,
жетпей сәл тұрып, кенет кейін қайтады. Кісі әлсіз күрсінеді де, шаршысыз
жыртық кимешегінің бұрышындағы түйіншекті шешіп, осындай азаппен
жиналған дәндерге мұны да қосып қояды» [125, 52] деп береді. Қазақ жерінде
аштықтың орын алуына деген автордың позициясы айқын. Оның ойынша,
ешкімде тышқақ лақ қалмаған Бақанастың екі өңіріне енді мал толу жоқ, ал
соның бәріне адамдардың өздері кінәлі, өйткені кейінгі кезде жұрттың пейілі
бұзылып,бір-бірімен атысып, шабысып, бірін-бірі айдатып, өлімге қиған жаман
ниетінен. Ауызбіршілік болып, үлкенді тыңдап, дәстүріміздің қаймағы
бұзылмағанда мұндай күйге түспес еді деген ойы айқын аңғарылады.
Өзінің ерекше шығармашылық мәнері, ұстанымы бар жазушы Ғ.Мүсірепов
көркем суреттеуге аса мән береді. «Қаланы қапталдай орап, мұнартып тұратын
көк зеңгір қалың орман астаң-кестең. Шашын жайып жіберген ақ қайыңдар
жазықсыз қираған қарағай бауырын жоқтап, ақырын ғана сыңсып, жылап
тұрғандай. Қалың орманның өрт шалған тұстары түскен тістің, орнындай
кетіліп қалыпты да, қап-қара болып опырайып тұр. Ну орманның қала жақ беті
қысқы көрпесін қалың жамылған жазық дала, бүгін бетіне қорасан шыққандай
шұп-шұбар. Ол шұбартып жатқан қопарылған жер, бүктетіліп жатқан өлік
денелері. Әр жерде намазға жиналғандай топ құзғындар отыр да, қуанғаннан
құйрығына дейін қыпың қағып сауысқандар жүр. Лапылдап жанып жатқан қала
басына қара жамылғандай, қара түннің астындағы қайғылы бір күн еді» Ер ана
[101,175]. Жолында кездескеннің бәрін жұлып тастағысы келгендей, от пен
оқты аямай төгіп келе жатқан жау қолы бәрін бүлдіріп, мағынасыз қиратып
келе жатқанын жақсы түсінеміз. Жазушы суреттеуіндегі табиғат көрінісін
оқыған оқырман үйінде отырғанын ұмытып, қалың өрттің ішінде жүргендей
жайсыз күй кешеді. Бұл келтірілген пейзаждың ерекшелігі – автор мұнда
суреттеліп отырған кезең шындығын, қасіретін, сұмдығын жеткізу үшін түс-
детальдарды пайдаланғандығы. Кешегі сыңсыған қалың орман – қап-қара,
жазық дала – шұп-шұбар, қала – қара жамылған, қайғылы қара түн деген
тіркестерде жаныңды жадыратар бір де бір түс жоқ. Келе жатқан ызғар, жайсыз
104
әсерді түрлі көркемдеу үлгілері экспрессивті түрде жеткізілген, «қара» сөзінің
екі рет қайталануы жаманат хабардың қатігез елшісіндей. Пейзажды эмоциялық
бояуына қарай үшке бөлген зерттеуші Кочетова пікіріне сүйенсек, мұны
«мұңды» және «түнерген» пейзаж-детальға жатқызуға болады. Түнерген
пейзаждың бояуын өлексе аңдыған құзғындар мен қуанып, құйрығына дейін
қыпың қағып жүрген сауысқандар одан сайын қоюландыра түскен.
«Ананың арашасында» «Салпы етек, жылауық күз емес, гуілдеген желді күз
еді» [101,168] дейді автор. Пейзаж-детальдың суреттелу тілі өте қысқа. Жазушы
сөйлемдерін шашпай, жинақтау арқылы күздің бейнесін дәл бере білген.
Суреттеліп отырған оқиға кезеңі жаңбырлы күз емес екені салпы етек деген
сөзден айқын аңғарылады. Тағы да табиғаттың қатуланып, гуілдеген жел
түрінде сипатталуы оқырманды алаңдатады. Пейзаждық деталь көмегімен
автор оқырманын алда болатын сұмдық оқиғаға алдын ала дайындап
алатындай. Бұл автордың новелла бастауындағы оқырманды әзірлеудегі өзіндік
шеберлігі.
Бірқатар новеллистер туындыларында адам мен табиғат байланысы, сезім,
ой қалтарысы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы көрініс тауып жатады. Табиғат
пен адамзаттың бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүретіні секілді, адам
баласының күнделікті көңіл күйі де сол табиғат құбылысымен бірге өріледі.
Әсіресе, көшпелі қазақ халқы өзінің күнкөрісі, мал шаруашылығына орай
табиғатқа етене жақын болды әрі тілін тез түсінді деуге болады.
Пейзаж-детальды пайдаланудағы негізгі мақсат – кейіпкердің жан-
дүниесіне тереңдей ену, ішкі толғаныстарын ашып көрсету және оның мінез
ерекшелігін екшеп көрсету екенін жоғарыда айтып өттік. Пейзаждық детальдың
кейіпкер мінезін тереңінен ашып көрсетудегі бір үлгісін «Әке көңілі баладай»
(Т.Рахымжанов) атты новелладан көре аламыз. Жер-дүниені от-жалынға орап,
ел басына қара бұлт жайлап, адамдар жүрегіне талай жылдар бойы
жазылмайтын жара салып, қасірет төндірген екінші дүниежүзілік соғыс
жылдарында Арқа жеріндегі қыстың аш қасқырдай ішін тартып ұлыған
боранды күндерін: «бірде қап-қара шаштарын жайып жіберіп, аза тұтқан
қаралы арудай сыңсып, бірде ішегін тартып жылаған жас баладай өксіп, екі
жұма бойы ұлыған құлан жортпас құла түздің ақ бораны түн баласында бір
басылмаған» [116,20] табиғаттың дүлей-күшімен екі апта бойы бел шешпей, ат
үстінде жүріп арпалысқан жалғыз баласы соғыста шейіт болып, қара қағаз
алған, дімкәстігіне қарамай, колхоз жылқысын бағып жүрген Құтжан
ақсақалдың табандылығы мен қайсарлығы байқалады. Автор жалғыз баласынан
айрылған қарттың жан күйін аза тұтқан қаралы арудай сыңсып, жас баладай
өксіп ұлыған ақ боранмен байланыста береді. «Табиғат – тек мәңгілік материя
емес, ол адамдар харекетімен қоян-қолтық араласқанда, маңайына
биофизикалық әсерінен басқа рухани-идеялық күш-қуат беретін ізгілік,
шындық бастауы рөлінде жанды қасиет алады» дейді ғалым Б.Майтанов
[139,45]. Кейіпкердің ішкі әлеміндегі өзгеріс пен табиғат құбылысы өзара
жымласқан, біртұтас. Соғыстың өзі де, оның ұшқыны да адам баласына
105
қаншалықты ауыр тигенін автор Құтжан ақсақал тағдырымен ұштастыра
суреттейді.
Х.Әдібаевтың «Бір тамшы жас» новелласында адамның аласұрған ішкі
сезімін, сағыныштан жарыла жаздаған жүрегінің дүбірі тек пейзаждық
детальдармен астастырыла көмкерілген: «Көкірек шеріңдей ышқынған қара
жел толастар емес, ботасынан айрылған боз інгендей боздайды да тұрады.
Кірпігіне тұрған қырау, моншақтаған жасқа көрінгендей. Жел ғана ішін тартып,
ышқына соғады; бұта шиді өші кеткендей өршелене төмпештейді» [141].
Кешегі заманда ботадай мөлдіреген жас келіншек сәбиін жетектеген өмірі де,
өзі де құр елес, бұлдыр сағымға айналған ұмсына қарап, ұмтыла түсіп, тұла
бойын ұйытқан үмітті қимайды. Танымаса да өзі баласына қатты ұқсатқан жігіт
келіп, сәлем бергенде ана жүрегінің атқақтап аузына сыймағандығын автор:
«Аспан шатыр-күтір етіп, қақ айрылды, айдаһар – бұлт күнді қылғып
жібергендей жер теңселіп, жасын жарқ етті. Көзінен жасы моншақтаған ана
баласын аймалап жатыр» [141]. Шыдатпай үзіп ауырған жүрегін басып, ағашқа
сүйенеді. Жалғыз ұлын соғысқа аттандырып салып, аңырап қалған ана отыз бес
жылдан кейін ұлының көзін айнытпай таниды. Ана жүрегі алдамайды, өз
немересін тапты. Корниенко Алексей. Өз ұлынан сәл ақшылдау, сәл бойшаңдау
болса да, қарт ана өз баласы екеніне титтей де күмәнданған жоқ. Шынында да
бұл жігіт өзінің туған немересі болып шықты, баласының жазған хаты қолына
тимеген ана қаншама түндерді ұйқысыз өткізіп, уайымға салынды. «Әлсіз
саусақ бет сипалайды, дір-дір еткен ерінге келіп сәл кідірді де, жайнамазға
қайта-қайта сырғиды. Күңгірт көз бір ашылып, бір жұмылды, ерін әлденені
күбірлейді, оңға бұрылады, солға бұрылады – меңіреу дүние, жауап жоқ,
жаңғырық жоқ... Күн жарқ етті – бала жігіт базарлыққа әкелген шәлісін
апасының иығына жапты. Жүрек құрғыр жарылып кетер ме екен?» [141]. Әйел-
ананың ішкі сезімінің арпалысы, өте нәзік психологиялық өрнек новелланың өн
бойында шебер өрілген. Жаратушы тілегін беріп, өлгені тіріліп, өшкені жанды.
Хабарсыз кеткен ұлының артында ұрпағы-ұлы қалған шындықты білуден артық
бақыт жоқ еді ана үшін.
Зерттеушілер пейзаждық детальдың елеусіздеу болып көрінгенімен,
Достарыңызбен бөлісу: |