Сенсорлық тәрбие – түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы.
Ойлау - қоршаған шындықты сөйлеудің көмегі арқылы жанама және
жалпылап бейнелеу процесі.
Ойлау – индивидтің қоршаған шындықты жанама және жалпылай
бейнелеуімен сипатталатын танымдық іс-әрекетінің процесі.
Ригидттілік - ойлаудың жаңа тәсілдер мен ережелерге ауысу қиындығы.
Ойлау процесінің лабильділігі – олардың бір есептен, екіншісін
шешуге жүйелі ауысуын құрудың жылдамдығы.
Пиктограмма – нәрселер, құбылыстар мен әрекеттер суреттелген және
шартты белгілермен берілген суретті хат.
Ұғым - заттар мен құбылыстардың жалпы қасиеттерін бейнелейтін ой
жасаудың негізгі түрі.