9-сурет Ойлаудың түрлерін зерттеу әдістемелері 1. "Фигураларды қос" әдістемесі
Көрнекі -әрекеттік ойлауды бағалау Балаға суреттің жоғары жағында көрсетілгендей, төменгі жағындағы
фигураларды түзу сызықпен қосуды ұсыныңыз (10, 10а суреттер)
Мақсат тапсырманы мүмкіндігінше тез және дәл орындау. Барлық
сызықтардың түзу болуы және фигуралардың бұрыштары дәл қосылуы
қажет.Сонымен бірге,фигуралардың нұсқасы үлгі-суреттерде бейнеленген
орындарында сызықтарының үстін баса жүргізілгені дұрыс.
Жұмыстың ұқыптылығы, дәлдігі және жылдамдығы бағаланады.
Егер бала барлық жұмысты орындауға 100 секундтан кем уақыт жіберсе,
егер барлық сызықтар дәл берілген нұсқалармен сәйкес келсе,олар түзу және
фигуралардың бұрыштарын дәл қосқан болса, яғни тапсырма өте жақсы
орындалған, баланың көрнекі-әрекеттік ойлау деңгейі жоғары болғаны.