Басты ұстанымдар
Бұл кітап екі түрлі ұстаным жүйесінің аясында жазылған. Біріншіден:
біз нақтылық, тепе-теңдік, сыни ойлау, түсініктілік және жаца зерт-
теулерді пайдалану сияқты үстанымдарды негізге алдық. Екіншіден:
нәсіл, тап және гендер; ғаламдық проблемалар және Америка жаста-
рының күнделікті тұрмыс-тіршілігі сияқты басты тақырыптарга
көбірек көңіл бөлдік.
Нақтылық. «Әлеуметтану негіздері» шағын, ықшам оқулықпен оқыту-
ды қалайтын профессорлардың талабын қанағаттандыруға арналған.
Біздің мақсатымыз - семестрлік жүйемен сабақ беретіндер үшін кі-
тапты шағын етіп, онда студенттердің әлеуметтануға қызығушылы-
ғын оята алатындай мазмұнды мәтіндерді топтастыру. Егер студент-
тер белгілі бір тақырыптың тереңіне сүңгігісі келсе, онда оны басқа
қосымша әдебиеттерден оқи алады.
Теңгерім. Бүл оқулықтың басты мақсаты - әлеуметтанудың басты үш
бағытына жан-жақты, объективті көзқарастарды ұсыну. Бүл бағыт-
тардың әрқайсысы I тарауда сипатталған. Келесі бөлімдерде әр бағыт
туралы нақтырақ айтылады. Бұл бағыттардың әрқайсысына қатысты
|