Бұрынғы к езең дегі халы қ саны
Адамзат тарихының басым бөлігінде туу және өлім көрсеткіштері 1000
адамға 40-тан болған. Екі көрсеткіш бірдей болғандықтан халық саны
баяу өсті. Орта есеппен алғанда, әйел адам өмірінің 20-дан 45 жасқа дейін-
гі бөлігін дүниеге бала әкеліп, оларды бағып-қағумен өткізеді. Егер әйелі
мен күйеуі 45 жасқа дейін өмір сүрсе дүниеге шамамен 6-10 бала әкеледі.
Себебі өмірдің орташа үзақтығы - 30-35 жас болатын. Өмір сүру жасы-
ның қысқалығы нәрестелердің шетінеу жиілігімен байланыстырылды.
Нәресте өлімінің коэффициент! - туа салысымен шегінеп кеткен сәби-
лердің әрбір дүниеге келген 1000 тірі нәрестеге шаққандағы саны. Адам
зат тарихының көп бөлігінде нәрестелердің 1/4 бөлігінен 1/3 бөлігіне
дейін бір жасқа жетпей шетінеп кететін. Индустриалдандыруға дейінгі
қоғамда туу да, өлім де жиі болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |