ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
425
Қалалық өмірдің адам мен қоғамға кері әсері жайлы пікірді 1938
жылы Луи Вирт (Louis Wirth) көтерді. Вирттің тұжырымдауынша, үл-
кен аумақ, гетерогендік және қала халқының тығыздығы күнделікті
адамгершілік қағидаларының бұзылуына алып келеді.
Ауқымды қоғамда адамдардыц көпшілігі бір-біріне бөтен болады.
Вирттің болжауынша, олар бастапқы байланыстарымен бұрынғыша
қатынаста қалады, бірақ басқалармен, мысалы сатушылармен я лиф-
тіге сыймай түрған бейтаныс адамдармен, есепшіл де үлгілі мәнерін
ұстанып, салқын қатынасын сақтайды.
Вирттің тұжырымдауынша, қала тұрғыны түрлі шым-шытырық
ережелермен кездескенде кез келген жағдай елеусіз өтіп кетеді. Осын-
дай қарым-қатынас және бейресми бақылаудың болмауы, халық са-
ныныц көптігі қылмыстық жағдайдың өршуіне, бұрыс әрекеттерге
және ресми бақылауға аса мән беруге алып келеді.
Кейінгі зерттеушілердің қалаға деген көзқарасы жақсарды. Бүгін-
гі таңда әлеуметтанушылар қаланы басқарылатын және танылатын
бірнеше кішкентай әлемдердің жиынтығы деп қарастыруды ұсынды.
Осылайша, Нью-Йоркте өмір сүретін адам 500 шаршы мильде өмір
сүретін 9 миллион адаммен қарым-қатынас орнатуға тырыспайды.
Оның орнына отбасынан, шағын аудан мен санаулы ұжымдасынан
тұратын өзіндік жеке әлемді сақтайды. Сонымен қатар әлеуметта-
нушылардың айтуынша, қалалық өмір ұсақ топтардан бастап сим-
фониялық оркестр тыңдармандары, регби жанкүйерлері тәрізді суб-
мәдениеттердің достығын дамытуга ықпал ететін «сыни көпшілікті»
қамтамасыз етеді. Вирт мүндай субмәдениеттердің кейбірін қоғамдас-
тықтың адамгершілік тұрғыда үйлесім таппағанының дәлелі деп
түсіндіруі мүмкін еді. Бірақ оларды адамдардың бірлік пен негізгі қол-
дау тобын таба алатын жеке әлемі ретінде де қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |