Манифест функциялары немесе дисфункция-
лар - арнаулы және мойындалған әлеуметтік
құрылымдардың салдары.
Мәдени кешігу мәдениеттің бір бөлігі басқасына
қарағанда жылдам өзгергенде анықталады.
Мәдени диффузия - бір мәдениеттің немесе субмә-
дениеттің белгілерінің басқа мәдениетке ара-
ласу процесі.
Мәдени жаьандану - бүкіл әлем бойынша мәде-
ни элементтердің (соныц ішінде музыкалық
стильдердің, сән трендтерінің және мәдени
құндылықтардың) таралу процесі.
Мәдени капитал - жоғары әлеуметтік таптарды си-
паттайтын көзқарастар мен білімнің болуы.
Мәдени салыстырмалылық - әрбір мәдени құнды-
лықтыц өзге құндылықтармен салыстырылуы.
Мәдени соққы - басқа мәдениетпен қарым-қаты-
нас жағдайында туындайтын дағдарыстық
сезім.
Мәдениет - қоғамдастық мүшелерінің ортақ
өмір сүруінің жалпы тәсілі. Ол тек тілді, құн-
дылықтарды және символдық мағыналарды
|