Тьюторлық сынып – компьютермен, бейнемонитор және
басқа да ақпараттық-коммуникативтік құралдармен қамтылған
және тьюторлардың желілік тәртіпте білім беру үдерісіне
арналған сынып.
Үлгерімнің аралық бақылауы (Midterm Examination) – білім
алушылардың оқу жетістіктерін тексеру, ол оқытушының
бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес жүзеге асады.
Үлгерімнің ағымдық бақылауы – білім беруші оқытушымен
жүргізілетін оқу пәнінің әр тақырыбы мен бөлімі бойынша
жүргізілетін жүйелік тексеріс.
Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average – GPA) –
білім алушының бір жыл ішіндегі таңдалған бағдарлама бойынша
оқу жетістіктерінің орташа салмақтандырылған бағасы.
Форум – қатысушылардың барлығына немесе бір бөлігіне
талқылау үшін Интернет желісінде ұсынылған тақырып.
Чат – бұл араласу түрі, әдетте «мәтіндік» болады, шынайы
уақыт тәртібінде қолданушылар өздерінің хабарламаларын
барлығына түсінікті тілде, яғни «виртуалды тақтада» көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |