9. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
9.1. Университетте білім алушы құқылы:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәй-
кес сапалы білім алуға;
- мемлекеттік стандарттан басқа қосымша ақыға қосымша
білім қызметтерін алуға;
- кітапхана және оқу залдарының базасындағы оқу, оқу-
әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізуге және
пайдалануға;
- студенттік (оқушылық) өзін-өзі басқару органдарына
қатысуға;
- өзінің пікірі мен сенімін еркін жеткізуге;
- өзінің адамгершілік қасиеттерін құрметтеуге.
9.2. Университетте білім алушылар міндетті:
- Университет Жарғысына сәйкес бекітілген тиісті білім
бағдарламаларының, жеке жоспарлардың міндетті талаптарын
орындауға, міндетті оқу сабақтарына қатысуға және пәндердің
оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен қарастырылған
тапсырмалардың
барлық
түрлерін
белгіленген
мерзімде
орындауға;
- білім саласындағы оқу, ғылыми үдерістерді, олардың
ұйымдастырылуын және жүргізілуін реттейтін нормативтік
актілер, Университет Жарғысының, осы Ережелердің, ҚарМУ
Этикалық нормалар кодексінің, Университеттің басқа да жергілік-
ті нормативтік актілерінің талаптарын орындауға;
- оқу жоспарлары мен бағдарламаларына және Университет
Жарғысына сәйкес белгіленген мерзімде аралық және қорытынды
аттестаттаудан өтуге. Жеке оқу жоспары бойынша білім алушы-
лар аттестаттаудан Университет факультеттерінің декандары
(басқа да бөлімдердің басшылары) бекітетін жеке кесте бойынша
өтеді;
- қатысуға міндетті оқу сабақтарына келмеген жағдайда
Университет факультетінің (басқа да құрылымдық бөлімше)
басшылығын хабардар етуге және сабаққа келегн алғашқы күні
қатыспау себептерін түсіндіретін белгілі үлгідегі (медициналық
анықтамалар, шақыру, түсініктеме және т.б.) құжат ұсынуға;
41
- Университет мүлкіне ұқыппен қарауға, осы мүліктердің
сақталуын қамтамасыз етуге шаралар қолдануға. Университетке
материалдық шығын әкелген жағдайда білім алушылар азаматтық
заңнамаға сәйкес оны өтеуге міндетті;
- әскери есеп ережелерін сақтауға;
- білім беру мекемесінің оқытушыларына, қызметкерлеріне
және білім алушыларына құрметпен және дұрыс қарауға;
- тәртіпті болуға, Университет аумағында тазалық пен
тәртіпті сақтауға;
- қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсізідігінің ережелерін
сақтауға;
- Университетте бекітілген кіру тәртібін сақтауға, соның
ішінде өзінің кіру қағазын (куәлігін) басқа тұлғаларға бермеуге
және өзі басқа тұлғаға берілген кіру қағазын (куәлікті)
пайдаланбауға.
9.3. Университет қызметкерлері мен білім алушыларына
Ғылыми кітапханада қызмет көрсету тәртібі мен шарттары
Университет ректоры бекіткен Ғылыми кітапхананы пайдалану
Ережелерімен және Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғылыми
кітапханасы туралы Ережемен анықталады.
9.4. Университетте шылым шегуге тыйым салынады.
9.5. Университет жатақханаларында тұратын тұлғалардың
қосымша
құқықтары
мен
міндеттірі
Университет
жатақханаларында тұру ережелерімен және келісімшартпен
белгіленеді.
9.6. Үлгерімі жақсы, университеттің қоғамдық өміріне
белсене қатысқаны үшін студенттерге келесі мадақтаулар
белгіленеді:
- алғыс жариялау;
- грамотамен марапаттау;
- бағалы сыйлықпен марапаттау;
- сыйақы беру.
9.7. Дәрісханалық сабақтарды 60 және одан да көп сағат себеп-
сіз босатқаны үшін студент Университеттен шығарылуы мүмкін.
9.8. Оқу тәртібін (соның ішінде себепсіз сабақтан қалу), Ішкі
тәртіп ережелерін (студенттің теріс қылықтар жасауы: сабаққа
алкогольдік немесе есірткілік масайған күйде келуі, қоғамдық
42
тәртіпті бұзуы және т.б.), ҚарМУ Этикалық нормалар кодексін
және Жатақханада тұру ережелерін бұзғаны үшін студентке келе-
сі тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін:
- ескерту;
- сөгіс;
- қатаң сөгіс;
- университеттен шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |