т.б.) сүйене отырып, «өлшем» мен «көрсеткіш» ұғымдарының мәнін анықтау
қажеттілігі туындады.
Диалектикалық заңдылық бойынша өлшем ұғымы – философиялық
категориялар құрамына кіреді. Оның өзіндік функциялары – сандық
өзгерістерден сапалық өзгерістерге немесе сапалықтан сандық өзгерістерге
ауысу заңдылығын көрсетеді.
Бұл заң бойынша, қандай да болмасын объектінің сапасы мен сандық
сипатының арасында терең байланыс бар. Себебі, сапалық өзгерістердің
артуы сандық өзгерістердің ауысуын жетелейді.
Мәселен, іс-әрекеттердің жекелеген жақтарының, үдерістің немесе
шешімнің сандық сипаттамасы көрсеткіш бола алады.
Абсолютті көрсеткіш
(саны, айналым, т.б.) және салыстырмалы көрсеткіш (негізгі және айналым
қорларының, т.б. ара қатынасы) түрлеріне бөлінеді. Көрсеткіштердің
көрнекілігін қамтамасыз ету және өзара байланыстарын айқындау үшін
көрсеткіштер жүйесі жасалады.
Демек, өлшемдер мен көрсеткіштер үдерістердің, диагностикалық
әдістер мен бағдарламалардың мазмұнын анықтайды. Өлшем қандайда бір
белгілердің айырмашылығын, ал көрсеткіш жекелеген сапалық және сандық
өлшемдерді сипаттайды.
Біздің
пікірімізше,
отбасылық
адамгершілік
құндылықтардың
қалыптасу өлшемдеріне оның құрылымдық белгілерін алуға болады.
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік
құндылықтарының қалыптасу өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға
отбасының
функциясына жататын белгілерінің мазмұндық сипаттамасы негіз
болады.
Осы орайда, (М.С.Мацковский, Л.О.Володина) ұсынған отбасы
функциясының жіктемесіне сүйене отырып, зерттелініп отырылған
құбылыстың келесі өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды:
Біріншісі өлшемі дүниетанымдық - отбасының рухани қарым-қатынас,
әлеуметтік-статустық саласы ретіндегі фукнцияларын сипаттайтын, ол үш
көрсеткіштен тұрады: адамгершілік санасының қалыптасуы, отбасын
құндылық ретінде жете түсінуі; отбасының ұлттық және мәдени дәстүрлерін
сақтауы және нығайтуы; отбасымен, туыстарымен (тегімен) араласуы.
Екінші өлшем іс-әрекеттік деп белгіленеді, отбасының шаруашылық-
тұрмыстық, эмоционалдық және бос уақытты ұйымдастыру
функцияларына
негізделеді, оларға келесі көрсеткіштер енеді: тұрмысқа қажетті
экономикалық және шаруашылық біліктіліктер мен дағдылардың болуы және
оларды пайдалана алу қабілеті; отбасылық қатынастарды, отбасындағы
кикілжіңді жағдаяттарды реттеу қабілеті, отбасылық мәселелерді шешуге
белсенді қатысуы; отбасылық қызығушылықтарының ортақтығы.
Үшінші өлшемі тәрбиелік – білімділік деп анықталады, ол
экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау, тәрбиелеу, репродуктивтік
салалары ретіндегі отбасы қызметтеріне сүйенеді, олардың келесі
көрсеткіштері бөліп көрсетіледі: отбасы-неке қатынастары мәселесі
жөніндегі білімді меңгеруі және толықтыруы; ерлі-зайыптылық және ата-
психологиялық дайындығы ішкі өлшем болып табылады. Сондықтан ПЖОО-
ы студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын дамытуды төмендегі
екі өлшемі негізінде де бағалауға болады:
1. Ішкі дайындық өлшемдері – мотивациялық құраушылардан (отбасы
отбасын құндылық ретінде жете ұғынуы, адамгершілік сана-сезімінің
қалыптасуы; отбасының ұлттық және мәдени дәстүрлерін сақтауы және
нығайтуы; отбасымен, туыстарымен (тегіне) араласуы; отбасы қызметін
орындау талабын қабылдауға ішкі дайындығы, ата-аналық іс-әрекеттерге
қызығушылық, іс-әрекетке талпыныс), танымдық құраушылардан (қойылған
міндеттерді түсіну, ұйымдастырушылық іс-әрекет алгоритмдерін білу, алуан
түрлі жағдаяттарда нәтижелі қарым-қатынас ережесін білу) тұрады.
2. Практикалық әрекет өлшемдері (жүзеге асырудың сыртқы өлшемі) –
іс-әрекеттік құраушылардан (топтың отбасы-адамгершілік құндылықтарын
қарым-қатынаста пайдалану біліктілігі, іс-әрекеттің нәтижелігі); тұлғалық-
ұстанымдық құраушылардан (топтың отбасы-адамгершілік құндылықтарын
игеруі) тұрады.
Жоғарыдағы сипатталған өлшемдердің барлығы да маңызды болып
табылады. Бұл өлшемдер педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үдерісінің нәтижесін
нақты объективті көруге мүмкіндік береді, бұл феномен студенттердің
болашақ маман және ата-ана ретіндегі мінез-құлқынан, оның ұжыммен
бірлескен іс-әрекетінен нақты байқалады.
Сонымен педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың
өлшемдері
мен
көрсеткіштері анықталды (9-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: