Журналистерге, оның ішінде радиода істейтін қызметкерлерге қойылатын этикалық талаптарды «Азаттық» радиостанциясының комментаторы Вадим Белоцерковскийдің «Журналист» журналына берген сұхбатынан көруге болады. Онда эйгілі радиокомментатор радиожурналистер үшін негізгі төрт шартты атап айтады: 1-шарт. «Сыбыстарды пайдаланба!» Эфирге берілетін фактілердің барлыгы кем дегенде екі түрлі ақпарат көздерімен дэлелденуге, расталуға тиіс; 2-шарт. «Арандатпа!» Арандатушы насихат жүргізуге қатаң тыйым салынған. Біздің митингілерге шақыруға, ұлтаралық қатынастарды шиеленістіруге жэне сөз жоқ, заңды үкіметті қүлатуға үндеуге қақымыз жоқ; 3-шарт. «Эфирде сандырақтама!» Басқаша айтқанда, бізге қанішерлер, сатқындар сияқты неше атау- лар таққан тоқырау заманындағы кеңестік баспасөзге ұқсап кетпе;