алуы керек. Екіншіден, ол фактілерді бұрмалау, ешбір дэлелі жоқ пікірлерді жария ету, ойдан шығару, өтірік ақпаратты тарату сияқты нәрселерден аулақ жүріп, арына кір келтірмей, ұятқа қалмау ке рек. Үшіншіден, кемшілік, қате жасалып қалған жағдайда жур налист міндетті түрде газет, журнал, телевизия не радио арқылы кешірім сұрап, кемшілікті мойындап, теріске шығаратын матери алды жариялауға тиіс. Бұл туралы Лоуренс К. Бопре былай дейді: «Ең маңыздысы: егер сіздікі дұрыс болмаса - мұны мойындаңыз, газетте жедел жэне ашық түрде қателерді түзеу тәжірибесінің болғаны абзал. Газеттердің көп бөлігінде бұл үшін арнайы орын берілген»...» (Журналист. - 1993. № 10. 48 б. Школа Американской журналистики). Журналистика кәсібінің болмысы журналистен ақпараттың