дұрыс құрылмауы себептерінен туындайды. Жарнама мәтінін жазғанда автор ең алдымен, сөздердің орындылығын, сөйлемнің синтаксистік тұтастығына басты назар аударуы шарт. Осы тұста К. Федин: «Сөздің дэлдігі - стиль ғана емес, пікірдің басты тала- бы», - деп атап өтеді (Федин К. Писатель, искусство, время. М., 1961.) Өкінішке орай, мұндай талаптар көп жағдайда орындала бермейді. Мысалы, «Ә сем-ай» компаниясыньщ минерал суы за- уыты эзірлеген Сарыағаш шипалы суы ыдысына (бөтелкесіне) жапсырылған қағазында (этикеткасында) мынадай жазулар бар: Сары Агаш 1956 Асем-ай Сапа кепілдігіне 5 жыл! Осындағы елімізге кеңінен танымал болған атақты Сарыағаш курортының атына байланысты шығарылған емдік қасиеті мол Сарыағаш минерал суы неліктен «Сары Агаш» болып жазылған?