шылар. Не істегендеріңізді бүкпесіз біліп тұрады», - деп («Инфи- тар» сүресі, 10-12-аяттар), эр адамда аузынан шыққан сөзді жазып алып тұратын екі періште болатындығын ескерткен (Ислам жэне өркениет. - 2009. - 11-20 желтоқсан. Қ. Бағашар. Адамның сөзі - ақылының таразысы). Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өміріне көз салсақ, сөз сөйлеуге аса бір байыппен қарағанын көреміз. Айша анамыздың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сөз сөйлегенде асықпай-аптықпай баппен сөйлеген. Қажет кезінде ұғынықты болу үшін, айтқан сөзін бірнеше рет қайталаудан жалықпаған (Тирмизи, Мәнақиб, 9). Сөздері мірдің оғындай өткір, эрі даналыққа толы болғандықтан, естіген жанға қатты эсер ет- кен. Оны бір тыңдаған жан тағы да тыңдауға құмартқан. Тілі таза эрі шұрайлы, барынша ұғынықты болған. Бұны өз сөзінде: