өзіне жатқыза беретін болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда болады», - деген салмақты пікірінен айқын аңғаруымызға бола- ды (Әл-Фараби, 1975. 19-20 бб.). Сол себепті кезекті бір ойында: «Жаман мінез-кұлық - рухани кесел», - деп кесімді анықтамасын бере қояды (Әл-Фараби, 1975. 21 б.). Жаман мінез-құлықтан арыл- татын: «Адамның игі қылықтары мен жақсы эрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер», - екендігін білсек, «Адамның пасык істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық бо- лып шығатынын байқаймыз» (Әл-Фараби, 1975. 188 б.). Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың көздеген мақсатына жетуі тек өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруы тиіс, сонда ғана ақиқатты, айналадағы