сына нұқсан келтіретін жағымсыз көріністер. Сондай-ақ, кэсіби мамандығы арқылы өзгеге қоқан-лоққы жа- сау, қорқыту арқылы жеке басының м үддесін көздеу, пайда табу- ды мақсат ету сияқты жөнсіздіктер де өмірде жоқ емес. Ә сіресе, кейбір білім, парасаты төмен «тілшісымақтардың» арасында «эфирге шығарып, миллиондардың алдында масқара етемін», «га зетке жазып, быт-шытыңды шығарамын», - деп байбалам салып аттандап кететіндер бар. Қолынан келері шамалы элдекімдердің шіреніп, көкке қарап жүретіндерінің де куәсі болып қаламыз. Сөйлеу мэдениеті, жалпы БАҚ мәдениеті мэселесі онша жиі көтерілмей жүргені белгілі. Тіліміздің қоғамдық қызметінің арта түсуіне байланысты ол күн тәртібінен түспеуі керек. Себебі, немқұрайлылық пен жауапсыздықтан немесе өзге де себептерден