біліммен, ақыл-ой байлығымен тығыз байланысты екендігін көр- сетеді. Қазақ халқының шешендік ойының, эсіресе, кісілік сала- сындағы эстетикалық көзқарастарының дамуына Бөлтірік шешеннің де еңбегі зор. Бөлтірік шешен - кісілік тағылым туралы ой толғаған өткен дәуірдегі қазақ шеш ендерінің ең ұлыларының бірі. Адамгершілік, кісілік оның шешендік өнерінің мағыналық өзегін қүрып қана қоймайды, оның дүниетанымының, өмір кұбылыстарын таныта түсетін бірден-бір асыл ізі болып табыла- ды. Бөлтірік шешен «Орынсыз болса сөзің жау тартады», «Бәрінен де сол дұрыс», «Саңылауы жоқпен сабақтас болма», «Жаның жеті жаманнан аман болсын», «Өнерің мен өнегең азбасын», «Балаға ақыл» жэне басқа да сөздерінде адамды жаман әдеттен