психология, әдістемелік, эстет.тәрбие туралы кітаптар жазды. Әдебиет, эстетика, сын саласына
араласты, сан алуан публицистикалық мақалалар жариялады. "Қартқожа", "Ақбілек"
романдары, "Күнікейдің жазығы" повесі, "Шернияз", "Ел қорғаны", "Мансапқорлар"
пьесалары, "Комплексті оқу жолдары", "Жан жүйесі", "Өнертаңдау", "Мағжанның ақындығы
туралы" ғыл. еңбектері - сан салалы танлант иесінің қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны
бар шығармалары. 1918 - 19 ж.
М.Әуезовпен бірге Семейде "Абай" журналын шығарып, "Екеу"
деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп "Абайдың өмірі және қызметі" (1918. №2), "Абайдан
кейінгі ақындар" (1918. №3), "Аударма туралы" (1925), "Сұңқар жыры" (1925) деген мақалалар
жазды. А. театр. музыка. өнер тарихына қатысты көптеген мақалалар жазған. А-тың педагогика,
психология және әдістеме саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды.
Олардың ішінде "Тәрбиеге жетекші"(1924),"Психология" (1926), "Жан жүйесі және өнер таңдау"
(1926). т.б. отандық ғылымның бастауында тұрған ірі ғыл. еңбектер. Кеңестік билік 1988 ж-ға
дейін А. шығармаларын оқуға тыйым салды. Қазақстанда 1989 ж. жазушының бір томдық. 1996
-99 ж. бес томдық шығармалары жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: