Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет55/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   677
АҚЫЛБЕК  Сабалұлы.  А қ ы л б е к  бин  Сабал  Тұрабаев  (17.9.1880.  бұрынғы  Семей  обл. 
Қарқаралы уезі. Ақбота болысы - 4.1.1919. қазіргі Шығ. Қазақстан обл.. Бесқарағай ауд. Бестерек 
қонысы) -ақын. Семейдегі Ахмет Риза медресесін бітірген. Араб, парсы, түрік тілдерін жетік білген. 
Абайды  ұстаз  тұтқан.  Шығыс  әдебиетіндегі  қисса-дастандар  жазған.  Қазан  баспасынан  шыққан 
қиссалары: "Таһир-Зуһра" (1902.1911),"Бозжігіт"(1910.1911), "Қисса Марғұба" (1911), "Ибраһим" 
(1911), "Хикмет Нығмет" (1911), "Қырықуәзір" (1911.1920 жол), "Алтынбалық" (1912), "Самруғ" 
(1915),  "Дандан ғашық" т.б. Қазаннан басылып шыққан  төл шығармалары:  "Мағшұқнаме" (1910, 
1911) -"Назым" (1911), "Сұм заман" (1911), "Ғибратнама" (1911), "Сәтбек батыр" (1911. 1915). т.б. 
Өз қолынан жазған еңбектерінің үш қолжазбасы сақталған. Өлең-жырларының негізгі тақырыбы: 
адамгершілік, адалдық, әділеттік, өнер-ғылым мәселелері. А. кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербург, 
Қазан қ-ның кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайында. Сарыой деген жерде.   
 
АҚЫН  -  поэзиялық  туындыларды  (өлең,  жыр,  дастан,  поэмаларды)  ауызша  айтып  не  жазып 
шығаратын өнер иесі. Дәстүрлі қазақ  қоғамында А. ұғымының  жырау, жыршы,  өлеңші сияқты 
ұғымдардың ауқымы кең болған. Ол өлең, жыр, дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да. 
 


Нағыз  А-дар  өлеңді  табан  астында  суырып  салып  айтқан.  Ондай  жағдайда  өлең,  жыр  домбыра 
немесе  қобыз  сияқты  аспаптар  сазына  қосылып  айтылған.  20  ғ-дың  басынан  бастап  осы 
дәстүрлерді  жалғастырушылар  "халық  ақыны"  деп  аталатын  болды.  Қазақ  халқының  Жамбыл, 
Нұрпейіс, Кенен т.б., А-дары жыршылық өнерді де менгеріп, кейде ұзақ дастандарды жатқа айтқан. 
Қазақстанда  қазіргі  заманғы  жазба  әдебиетінің  қалыптасуына  орай  А-ның  тұлғасы  да  мүлде 
өзгерді.  Жазба  әдебиет  өкілдері  дәстүрлі  қазақ  поэзиясынан  нәр  ала  отырып,  өз 
шығармаларындағы өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, 
стиль, тіл өзгешелігі жағынан жаңа сатыға көтерілді. Қазақ әдебиетінде мұндай жаңа сипатты жан 
жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  т.б.  өз  үлесін  қосты.  Қазіргі  қазақ 
әдебиетінде поэзия жанрының биік деңгейде дамуы А-дар шығарм-ғының үлкен қуатын танытады. 
Сондай-ақ, қазіргі заман А-дары халықтық дәстүрлерді қайта жаңғыртуға да үлес қосуда. Ауызекі 
тілде оларды әнші ақындар, айтыскер ақын, т.б. деп бөлу де қалыптасқан. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет