ИМАНЖҮСІП Құтпанұлы (1863, қазіргі Павлодар обл. Ермак ауд. -1931. Жамбыл обл.
Мойынқұм ауд.) - ақын, әнші, халық композиторы. Атасы Тұрғанбай датқа (1804 -1850)Түркістан
қ.маңындағы Шілік өңірінің биі болған. Әкесі Құтпан Кенесары Қасымов көтерілісіне қатысқан.
Патшалық Ресей үкіметінің қысымына шыдамаған И. 19 ғ-дың аяқ шенінде Ақмолаға келеді.
Әкімдерді сынаған өткір өлең шығарып, қуғынға ұшыраған. 1905 -12 ж. Өскеменге, 1914 ж.
Жетісуға жер аударылған. Шұбарағаш, Ой-жайлау, Лепсі, Қапалда тұрып, бірнеше рет жауапқа
тартылған. Кеңес дәуірінде тағы да қудалау көрген И. Сарысуға көшіп, 1930 ж. 20 желтоқсанда
тұтқындалған. 1931 ж, 2 наурызда ОГПУ жанындағы үштіктің шешімімен атылып, 1990 ж. толық
ақталған. "Сарымойын", "Бұғалы мен Тағалы", "Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау", "Әкем
Құтпан болғанда ағам Шонай", "Қысырақтың үйірі жирен ала", т.б. әндері бар. Затаевич И-тің
бір-неше әндерін жазып алып, "Қазақ халқының 1000 әні" атты жинағына енгізген. Соңғы
жылдары И-тің жаңа әндері де табылған. "Сейфүл-Мәлік", "Сарыарқа" (4 нұсқасы), "Сарыбел",
"Ерейментау" (2 нүсқасы), "Болған жастан" (2 нүсқасы), т.б. әндері әр жылдардағы фольюіорлық
экспедициялар кезінде жазылып алынған. "Сарымойын" әні Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек"
операсында (Бекежан ариясы) пайдаланылды. 2001 ж. жарық көрген "Иманжүсіп" (авторы
Р.Көшенова) кітабына И. әндері толық енген. И. өлеңдері Орт. ғыл. кітапхананың сирек қолжазбалар
қорында сақтаулы.
ИМАШЕВ Балғынбек Қалиұлы (25.4.1977 ж.т.. Алматы обл. Кербұлақ ауд. Жоламан а.) - айтыскер
ақын. ҚазҰУ-ды (1998), аспирантурасын (2003) бітірген. 1998 - 2000 ж. Қазақ радиосында
редактор болып қызмет атқарған. 2000 жылдан Еуразия ұлттық ун-тінде оқытушы, 1988 ж. ауд.,
обл., респ. айтыстарға қатысып келеді. Жезқазғанда өткен "Ауылым алтын бесігім" атты айтыстың,
алғаш рет өткізілген респ. жекпе-жек, Мәскеуде өткен айтыстың бас жүлдегері. Астанада өткен
"Шабыт" фестивалінің лауреаты (1998), Кербұлақ ауд-ның қүрметті азаматы (2004).