Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


ӨНДІРІСТЕ ОРНАЛАСҚАН АУАҒА ШЫҒАРЫЛАТЫН ЗИЯНДЫ



Pdf көрінісі
бет102/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128
Байланысты:
Sbornik

ӨНДІРІСТЕ ОРНАЛАСҚАН АУАҒА ШЫҒАРЫЛАТЫН ЗИЯНДЫ  
ЗАТТАРДЫҢ МӨЛШЕРІН АЗАЙТУ ТЕХНИКАЛЫҚ АППАРАТТАРЫ 
 
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің  
«Экология» мамандығының 4 курс студенті Рахимжанова А.А. 
Ғылыми жетекшісі экология және өмір тіршілік 
қауіпсіздігі кафедрасының аға оқытушысы б.ғ.к. Баязитова З.Е. 
 
Циклондар  –  газ  бен  ауаны  (соның  ішінде  аспирациялықта)  шаңнан  та-
залау аппараттарының ішінде көбірек таралғаны. Циклондық типті аппараттар 
тәуелсіз шаңтазалаушы ретінде немесе жұқа тазалау аппараттарының (сулы то-
заңұстағыш,  қолсапты  фильтрлер,  электрофильтрел  және  с.с.)  алдын  ала  та-
залаудың бастапқы сатысы ретінде қолданылады. 
Кейбір жағдайларда газауалық шығарындыларды тазалау дәрежесі, атмо-
сфераға  шығару  үшін  қолайлы  болып  табылады.  Циклондар  халық  шаруашы-
рығының әртүрлі салалы кісәпорындарда кеңінен қолданылады. 
Пайдалану шығындары мен шағын қаражатты керек ететін циклондар 80 - 
95%  тиімділігімен  газдарды  10  мкм  мөлшерлі  шаңнан  тазалауды  қамтамасыз 
етеді [1]. 
Циклон  корпустан, шанақтан  және  газ шығатын  құбырдан  құралған.  Та-
зартылған газдар тангенциальді пісірілген кіру келте құбырлары арқылы корпу-
стың  жоғарғы  бөлігіне  түседі.  Шаңды  ұстау  газдың  корпус  пен  газ  шығатын 
құбыр  арасында  қозғалысы  кезінде  пайда  болатын  центрден  тепкіш  күш  әре-


201 
кетінің  әсерінен  болады.  Ұсталынған  шаң  шанаққа  түсіріледі,  ал  тазартылған 
газ құбыр арқылы шығарылады. 
Батарейлі  циклондардың  құрылымды  ерекшелігі  газ  ағындысын  бұрай 
және  олардағы  шаң  ұстау  апараттың  корпусында  орнатылған  циклондық  эле-
менттері қамтамасыз ететіні болып табылады. 
Керекті  өнімділікті  қамтамасыз  ету  үшін  бірдей  өлшемді  2,  4,  6  және  8 
циклоннан тұратын дара және топтық циклондар қолданылады. 
Циклонның пайдалы жұмыс коэффициенті дисперсті құрылым мен ұста-
лынатын  шаң  бөлшектерінің  тығыздығына,  сонымен  қатар  температурасына 
тәуелді газдың тұтқырлығына тәуелді [2]. 
Тазалаудың  есептік  тиімділігіне  тек  циклонның  өнімділігі  мен  түр  мөл-
шері  арасындағы  сәйкестік  жағдайында  ғана  емес,  сонымен  қатар  циклонды 
пайдалану  ережелерін  сақтау  кезінде  қол  жеткізуге  болады.  Тазалаудың 
тиімділігі  атмосфералық  ауаның,  циклонның  ішіне,  әсіресе  шанақ  арқылы 
сорғылау кезінде төмендетіледі, сондықтан сорғылау минималды болу қажет (4 
- 5%). 
Қысымның мәні (сиретілу) аппарат корпусының техникалық беріктігімен 
сипатталатын есептік шамасы болып табылады. 
Циклонның  диаметрін  азайту  кезінде  және  газ  жылдамдығының  белгілі 
бір  шегіне  дейін  жоғарылату  оның  тазалау  дәрежесі  өседі.  Техникалық  сипат-
тамасында  көрсетілген  газауалық  шығарындыларды  тазалау  дәрежесіне  тек 
циклонның  түр  мөлшерінің  оның  өнімділігіне  сәйкес  болған  жағдайда  ғана 
және циклон пайдалану ережелерін сақтау кезінде қол жеткізуге болады. 
Аппараттар максималды ірі блоктармен жеткізіледі. 
БЦ - 512 батарейлік циклон 60 - 420 т/ж өнімділігімен құрамында көп бос 
кальций  тотығы  бар  шығыс  кен  орындарының  аз  күлді  қоңыр  немесе  тасты 
көмірде  жұмыс  істейтін  қазандардағы  газауалық  шығарындыларды  күлден  та-
залау үшін арналған. 
БЦ - 512 батарейлік циклон басқа типті батарейлік циклондарды бітейтін 
жабысқақ  күлді  аулауға  қолдануға  болады,  торф  күлін  аулау  үшін  екі  сатылы 
күл  аулау  қондырғыларында  көп  күлді  қатты  отындарда  жұмыс  істейтін 
қазандықтардан кейін қолдануға болады. 
Батарейялы циклондарын бір - , екі - , үш - , төрт - және алты секционды 
етіп жасайды. 
БЦ - 512 батарей циклонының газдан шаңды күлге айналдыратын негізгі 
блогі СЭЦ - 24 циклондық элементтердің секциясы болып табылады. Ол әрбір 
қатарда алты элементтен тор қатардағы дара циклондық элементтерден құрала-
ды [3]. 
Газ ағындысының айналу бағытына қарай циклонның оң және сол айналу 
элементтерін бөледі. СЭЦ - 24 секциясында әрбір қатар бір айналу элементінен 
құрастырылады.  Әртүрлі  айналу  элементтерімен  қатарлар  секция  енімен  бір  - 
бірімен алмастырылады. 
Батарей  циклоны  кіру  және  шығу  камераларынан,  күл  шығару  шанағы-
нан, өрт сөндіру жүйесінен және өз циклондық элементтерден тұрады. 
Циклондық  элементтер  530х9  мм  стандартты  құбырлардан  тұрады  және 
пісірілген  төрткірмелі  газ  ағыны құйындатқышымен қамтамасыз  етілген.  Пай-


202 
даланған құбырдың қимасында радиалды газ ағындыларын төмендету үшн тісті 
бұратқыш орнатылған [4]. 
Элементтің  пайдалынған  құбыры  жоғарғы  жағында  жақтардың  еңкею 
бұрышы  60
0
С    640х700  мм  тік  бұрышты  қималы  конфузорлық  ауыспалы  кел-
теқұбырмен  аяқталады.  Бір  -  бірімен  пісірілген  ауыспалы  келтеқұбырлар 
жоғары  құбырлы  тақтайды  жасайды.  Жоғарғы  құбырлық  тақтайда  күл  мен 
шаңның түзілімдерінің болмауы бұл құрылыстың бірден бір артықшылығы бо-
лып табылады. Сына формалы шығу камерасы ұзындық бойымен тең жылдам-
дықты қамтамасыз етеді. Батарейлі циклонның шанағы 40 - 50 циклондық эле-
менттерге бір күл шығару саңылаулары бар (500х500 мм) секцияларға бөлінген. 
Шанақ қабырғаларының еңкеюі – көкжиекке қарай 50
0
С кем емес . 
Жабысқақ  шаң  (күл)  үшін  шанақ  еңкеюінің  бұрышы  60
0
  дейін  үлкейту 
және діріл қаққыш жүйесін орнату қажет. Құрастыру мен орнату – ТУ 108.964 - 
80  бойынша  іске  асырылады.  Техникалық  сипаттамасы:  ОКП  коды  -  311337 
1107;  Бір  секцияға  түтін  газдардың  шығыны,  м
3
/с  -  6500  -  72000;  Циклондық 
элементтердің цилиндрлік бөліктегі қимада; Меншікті жылдамдық, м/с – 3,5 – 
4,5;  Циклондық  элементтердің  саны  -  24;  Цилиндрлік  бөліктің  қимасында  ди-
намикалық арынға жатқызылған гидравликалық кедергінің коэффициенті – 130; 
Кіргенде тазалынатын газдың максималды; температурасы, 
*
С, көп емес – 400; 
Батарейлі циклондағы максималды қысым, кПа (кгс/м
2
)  -  15  (1500);  Түтін  газ-
дарын күлден тазалаудың максималды тиімділігі, % - 94; Секцияның габаритті 
өлшемі,  мм  -  3840х2800х2890;  Масса,  кг  –  8000,  саны  –  6*2=12.  Жалпылама 
және қосылатын өлшемдері келтірілген (кесте 1). 
 
Кесте 1. Жалпылама және қосылатын өлшемдері (мм) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет