214
ӨНЕР КӘСІПТІК ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА
ӨҢДЕУ, ЗАЛАСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ УТИЛИЗАЦИЯЛАУ
Омербеков Тлектес Бекболатович,
студент 4 курса специальности
«Безопасность жизнедеятельности
и защита окружающей среды»
университета им. А. Мырзахметова, г.Кокшетау
Научный руководитель - Капбасова Гульжанат Аскербаевна,
магистр естетсвенных наук,
преподаватель кафедры «Экологии, безопасность жизнедеятельности
и защита окружающей среды»,
университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау
Бүгінгі таңда Жер қыртысынан шамамен 100 млрд т кен, отын, құрылыс
материалдары алынады. Егіс алқаптарына 92 млрд т минералды тыңайтқыштар
және 2 млн т улы химикаттар тарайды. Жыл сайын 6,07 млн га жердің
топырағы жарамсыз болып қалады.
Атмосфераға 200 млн т көп көмірсутек, 146 млн т күкірт диоксиді, 53
млн.т азот оксиді, 250 млн т шаң - тозаң бөлінеді. Әлемдік мұхит кеңістігіне
жыл сайын 3млн.т тазартылмаған су ағызндылары келіп түседі.
Өнеркәсіптің әртүрлі салаларының, солардың ішінде металлургиялық,
целлюлоза - қағаздық, энергетика және басқа өндіріс салаларының бірден
ұлғаюы қалдықтар мөлшерінің бірден көбеюіне әкеледі. Ағызынды сулардың,
термальды қалдықтардың, атмосфераға шығарылған газдар мен қатты
қалдықтар мөлшерінің көп болуы - қолданып отырған немесе жобаланып
отырған технологиялық сызбаның жетілмегендігін көрсетеді.
Қоршаған орта ластануының алдын алу мәселесі адамзат қоғамын
қалыпты дамытуда динамикалық шешімді талап етеді. Басқа жағынан алғанда
бүгінгі таңда химиялық өнеркәсіпсіз халықты тамақтық өнімдермен
қамтамасыз ете алмайды. Себебі, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер және
пестицидтер, азықтық қоспалар ауыл шаруашылық өнімдерінің өнімділігін
арттырады. Химиялық өнеркәсіп табиғатқа кері әсерін тигізетін сала
болғанымен, бүгінгі таңда оның өнімінсіз табиғатты қорғау іс - шараларын
өткізу мүмкін емес. Жекелеп айтсақ, тек химиялық өнеркәсіп қана ағызынды
сулар мен ауыз суларын тазартатын реагенттерді, коагулянттарды,
флокулянттарды, сорбенттерді, ион алмастырғыш шайырлар мен басқа
материалдарды өндіреді. Газдармен тазарту үшін сіңіргіштік қабілеті бар
барлық мүмкін болатын ерітінділерді, активтелген көмірді және басқа
сорбенттерді, сонымен қатар катализаторларды қолданады [1].
Химиялық өнеркәсіптің алдында автокөліктерден және басқа да қатынас
көліктерінен бөлінетін газдарды сіңіру және бейтараптауға арналған
катализаторлар мен сорбенттердің көп мөлшерін шығару жайында өте үлкен
мәселе тұр.
Табиғи заттарды химиялық өнеркәсіп өнімдерімен алмастыру
биосфераны қорғаудың жаңа мәселелерін туындатады, себебі химиялық
216
химиялық өнеркәсіпте ғана емес басқа салаларда да маңызды, атап айтқанда
қара және түсті металлургияда, құрылыс материалдары өнеркәсібінде және т.б.
салаларда маңызды өнімдер алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, апатитті - нефелинді кеннен фосфат шикізатымен қатар
портландцемент, титандиоксидін, глинозем, сода, фторлы қосылыстар және
сирек - жер элементтердің қосылыстарын алуға болады.
Пиритті күйелердің мөлшерінің азаюы олардан сирек және түсті
металдардың қосылыстарының бөлінуіне және қара металлургия үшін темір
окатыштерін алуға байланысты болса, фосфогипс көлемін қысқарту - одан
цемент, күкірт қышқылын және байланыстырғыш материалдар алуға
байланысты болады.
Осылайша химия зауыттары біртіндеп тек бір ғана салданы емес, бүкіл
химиялық өнеркәсіпті толығымен қанағаттандыруға негізделген құрылысты
жетілдіруді талап ететін кешендік кәсіпорындарға айналады. Барлық елдерде
табиғи ресурстарды қолдануды қысқартуға, екіншілік материалдық және
энергетикалық ресурстарды қолдануға ұмтылуы өнеркәсіптік өндірістердің
құрылымын едәуір өзгертеді.
Қалдықтардың классификациясы. Химиялық өнеркәсіптердің құрамына
30 - дан астам кәсіпорын салалары кіреді. Атап айтқанда: азот, хлор, сода,
фосфор, калий, йод - бромды және химиялық - фотографиялық сала, минералды
тыңайтқыштар өнеркәсібі, органикалық бояғыштар және күрделі органикалық
синтез өнімдері, талшық, пластмасса, тұрмыстық химия тауарлары және т.б.
Жоғарыда атап өткен салалардың көпшілігі жылына миллиондаған тонна өнім
шығарады. Көптеген өнеркәсіп орындарының технологиясы өте күрделі
болады. Өндіріс барысында олар әртүрлі қалдықтар шығарады. Ол
қалдықтардың біраз бөлігі қолданылады немесе бір жерге жинақталады, немесе
бөлінген газдармен, ағызынды сулармен немесе қатты қалдықтармен бірге
кетеді. Химиялық өнеркәсіп орындарынан шығатын қалдықтардың жалпы
алғанда
1200 - ден астам атаулары бар, олардың тек 30% - ға ғана толығымен
немесе жекелей қолданылады.
1 - кестеде химиялық өнеркәсіптің кейбір кәсіпорындары жиі шығаратын
бейорганикалық қосылыстардың өнеркәсіптік қалдықтары көрсетілген.
Химиялық өнеркәсіптердің шексіз көбеюі түзілген қалдықтар көлемінің
көбеюіне және оларды бір жерде жинақтап сақтау, концентрлеу, утилизациялау,
және залалсыздандырудың шығындарына алып келеді. Түзілген қалдықтардың
бағалы компоненттері бар үлкен көлемінің айтарлықтай бөлігі өнеркәсіп
аймағына қайтадан қайтарылады. Қалдықтарды кешендік қолдану мақсатының
жоспарын жасағанда, сол қалдықтың көлемі мен оның болашағы туралы дұрыс
бағыт жасау керек. Бұл қалдықты утилизациялау мен оған жұмсалатын
капиталдық шығынды анықтауға мүмкіндік береді.
Әдеби мәліметтер бойынша қалдықтарды классификациялау оларды
өнеркәсіп салалары бойынша қайта өңдеу мүмкіндігіне, агрегаттық күйіне,
улылығына және т.б. қасиеттеріне байланысты жүйелеуге негізделген.Әрбір
қажетті жағдайда қолданылатын классификацияның сипаттамасы қарастырып
отырған аспектіге сәйкес келеді:
қоймада сақтау, тазхарту, қайта өңдеу,
Достарыңызбен бөлісу: