ОРМАН ЗИЯН КЕСТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Садырбаева Карлыгаш Тлеулесовна,
«Экология» мамандығының 4 курсстуденті,
А. Мырзахметова атындағы университеті, Көкшетау қ.
Ғылыми жетекшісі - Капбасова Гульжанат Аскербаевна,
жаратылыстану ғылымдарының магистрі,
«Экология, өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»,
кафедрасының оқытушысы
А. Мырзахметова атындағы университеті, Көкшетау қ.
Қазіргі кездегі орман шаруашылығына әр түрлі зиянкестер қауіп
келтіруде. Жалпы зиянкестер дегеніміз - адам мен жануарлар организмінде әр
түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен
жануарлар тобы. Зиянкестер адамдарға, малға, орман мен ауыл
шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне,
негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестер
- егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі ауруларды таратады.
Орман зиянкестері – орман ағаштары мен бұталарын зақымдайтын
жануарлар.Бұларға негізінен кенелер, көпаяқтылар, бауыраяқты ұлулар, жәндік
қоректі сүтқоректілер (кірпі, көртышқан, жертесер, т.б.) тышқандар,
жұпаяқтылар, жыртқыштар (түлкі, қоңыр аю) және құстар (тоқылдақ,
қайшыауыз) жатады. Зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі
мен тұқымын жеп, дінің тесіп, тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған
ағаштар өсуін тоқтатып жеміс салмайды. Олар бірте - бірте өз тіршілігін жояды.
Зиянкестерлер отырғызылған екпелердің сақталуына үлкен ықпал тигізеді.
Олардың
өнімділігін
төмендетеді
және
әлсіретіп
өлімге
әкеледі.
Зиякестерлердің тигізетін әсері, орман шаруашылықтар үшін қауіпті. Осыны
болдырмау үшін жүргізілетін шаралар орман шаруашылықтың негізгі
229
мәселелерінің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта бірнеше шараларды
қолдануға болады. Мысалы: химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық
және орман шаруашылық. Орман зиянкестеріне қарсы олардың көбею,
таралуының алдын алатын және жойып жіберетін химиялық, биологиялық
шаралар(зиян келтіретін жәндіктерді жеп құртатын жәндіктер, жәндік қоректі
құстар, биологиялық препараттар) қолданылады [1].
Зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларын қоса алғанда, ормандағы
орман пайдаланудың және басқа да орман шаруашылығы жұмыстарының
барлық түрлері ормандардың жай күйіне теріс ықпал жасамайтын тәсілдермен
және әдістермен жүзеге асырылады. Орман қорын қорғау, күзету, пайдалану,
ормандарды молықтыру және ағаш өсіру саласында мемлекеттік басқаруды
жүзеге асыратын органдар жедел хабарламаның деректерін алдағы жылға
арналған орман қорғаныштық іс - шараларды жоспарлау кезінде қолданады
және қажет болған жағдайда орман мекемелеріне байқалған ошақтарды жою
жөніндегі қажетті іс - шараларды ұйымдастырады. Орманның қауіпті
зиянкестері мен ауруларының орын алған ошақтарын есепке алу және оларға
қарсы жүргізілген күреснәтижелерінде жойылған және табиғи факторлардың
әсерінен өшкен ошақтардыдер кезінде есептен шығару мақсатында жыл сайын
күзде ошақтарды түгелдеу жүргізілуі тиіс. Орманды жерге саяхат жасағандағы
ең қауіпті нәрсе – өрт. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар – орман
зиянкестері, кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік аурулар паразиттер,
саңырауқұлақтар мен вирустар. Зиянкестердің кесірінен құрылыс материалдары
үшін дайындалатын ағаштардың 45 пайызы сапасыз болып шығады. Кей
жылдары жүздеген гектар ормандағы зиянкестермен үзбей күресуге тура
келеді. Олар химиялық және биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады.
Химиялық күресте қоршаған орта мен барлық тірі ағзалар үшін ұқыптылықты
қажет етеді. Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері
бар, біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде
сақталған экожүйелердің бірі [2].
Екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын ағаш, детрит, гумус
түрінде зат шоғырланған ең қуатты жүйе.
Үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін
күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор.
Төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы.
Бесіншіден, орман – шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы
органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның
санитарлық - гигиеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық
және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.
Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сирейді.Далалық
шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді.Ағаш ішінде
түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген
жәндіктер мен басқа қалдықтар бірте - бірте көбейе келе қордаға айналып,
орман топырағының құнарлуына әсерін тигізеді. Орманда ағаш кесудің барлық
түрі кезінде және өзгеде жұмыстар шағында орман қолтығында әрекет етпеу
керек, онда құстар ұя салуы мүмкін олардың ұя салуына жәрдемдесудің басқада
шараларын
қолданған
жөн.
Орманды
тұрмыстық
қалдықтармен,
230
тастандыларымен ластауға, қоқыстарды төгуге және құрылыс қалдықтарын
төгуге тыйым салынады. Зиянкестер – өздерінің биологиялық ерекшелігімен,
түрлерінің көптігімен, өсімталдылығының жоғарылығымен және өсіп - өну
процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиякестердің таралуы және олардың
кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның
жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты. Мысалы, капустаны –
капуста ақ көбелегі мен капуста қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар,
қызылшаны – қызылша бүргесі, баяндалды мен картопты – колорадо қоңызы
зақымдайды. Жиі кездесетін түрлері: шаян тәрізділер, көп аяқтылар және
өрмекші тәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін
көп қоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелек,
шыртылдақ қоңыз, т.б. Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың
сандарына бақылау жасаудың нәтижесінде қарап пайдаланады. Алдын ала
шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік
танаптарды бізтұмсықты немесе дискілі тырмалармен, ал көп жылдық шөптерді
тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Орманның құрылымы ортаның
физикалық - географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен
биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде
орман аумағы 3млрд.га - дан астам, яғни дүние жүзінің 27 - 28% - н орман алып
жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл оның 2/3 бөлігін
жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75 пайызын алып жатқан ормандардың
көлемі көп кеміген [3].
Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі. Жалпы Орманның
таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңырай
аймақтарда қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар аралас, ал
жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі. Жер шарындағы
мемлекеттердің табиғи - климаттық жағдайларына сәйкес әр мемлекеттегі
Ормандардың көлемі мен түрлері әр түрлі болады.
Орман ағаштары негізінен ылғал мол түсетін алқаптарда өседі. Оңтайлы
ормандылық – жергілікті жерде табиғи экологиялық тепе - теңдікті сақтаған
немесе орта түзетін құрауыштардың біреуінің өзгермеген қалпын сақтауды
қамтамасыз ететін ормандылық. Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік
үшін аса маңызды. Тиімді пайдаланған жағдайда өз - өзінен қайта қалпына
келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор. Орман ағаштарынан үйлер, тұрмысқа
қажетті заттар, қағаз т.б.алынады. Ормандағы ағаштардың арасында жидектер
мен саңырауқұлақтар өсіп, өнім береді. Орманды аймақтарды паналап,
қоректерін содан табатын жан - жануарлар мен жәндіктер көп. Жыл сайын
еліміздің ормандарында ағаш өндіру көлемі артып келеді. Ормандар маңызды
экологиялық және рекреациялық орта құюшы, су қорғау, дала және топырақ
қорғау, су реттегіш, санитарлы - гигиеналық, денсаулық сақтау, эстетикалық
және т.б. қызметтерді атқарады. Сондықтан, орман қорларын сақтап, байыту
мемлекеттің орман саясатының негізін және шаруашылығының мақсатын
құрауы керек.
Орман алуан түрлі өсімдік дүниесіне кіреді және өте бағалы болып
табылады. Бұл бір немесе бірнеше түрлері бар, бір - біріне жақын орналасқан,
салыстырмалы жұмылған ағаштарды құрайтын және басқа да көптеген
231
организмдермен, топырақпен, жоғарғы сулармен және атмосфераның
қабаттарынан құралған. Орман өз алдында бір - бірімен тығыз байланысты
динамикалық тепе - теңдікпен, тұрақтылығымен, қайта құрылуға және
жанаруға деген жоғары қабілеттілігімен, энергия мен заттардың ерекше тепе -
теңдігімен, олардың тұрақтылық тенденциясы процесінің динамикалығымен,
географиялық келісулерден тұратын табиғи жүйені көрсетеді. Бақылау
қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау
кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман
аурулары көбейіп барады. Орманның азып - тозуы антропогендік және табиғи
факторлардантуындайды. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның
ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық қалаларында барлық
қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем
алуына кедергі келтіріп отыр. Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала
көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте
жақсы болар еді. Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас
ағашты ормандарда басталған өртекі - үш тәулік бойы жанып жатады. Оған
ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан
орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі,
орманы жанып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей
атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді.Озон қабатының
жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосфераның жылынып кетуі қаупі бүгінгі
таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.
Орман орналастырудың негізгі міндеттер туралы айтатын болсақ,
бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар:
1) орман ресурстары, олардың жағдайы мен динамикасы туралы жан -
жақты және нақты мәлімет алу;
2) мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман қорының есебін,
орман мониторингін, ұзақ мерзімге пайдалануға берілетін орман қоры
учаскелеріне құжаттар дайындауды қамтамасыз ететін орман қоры мен орман
ресурстарыныі мәлімет базасын жасау және жаңарту;
3) ішкі шаруашылығындағы жерлерді ұйымдастыру;
4) орман қоры жерлерінің есебін және түгендеу құжаттарын, орман
карталарын жасау;
5) орман ресурстарын пайдаланудың барлық түрлерінің, өсіріп -
өңдірудің, орманды күзету мен қорғаудың және басқа да орман шаруашылық іс -
әрекеттердің ғылыми - негізделген мөлшерін анықтау;
6) МОҚ жерлері ұзақ мерзімді пайдалануға берілген мемлекеттік
ұйымдардың орман орналастыру белгіленген;
7) орындалған орман шаруашылық сапасын және орман пайдалануды
бақылау;
8) Қазақстан Республикасының Орман кодексімен белгіленген басқа да
міндеттер [4].
Қорыта айтқанда, сонымен қатар орман шаруашылығын сақтау үшін
әрбір адам қандай да бір жағдай болмасын, орман шаруашылығын қорғауға
тиіс. Өйткені, біздің қоршаған ортамыз нашар болса, әрбір адамзатқа үлкен әсер
етеді. Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Адам табиғатта өмір сүреді,
232
онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі
табиғатпен тікелей байланыста болады.Табиғат адамның өмір сүруінің табиғи
жағдайы емес, оның өзгертушілік іс - әрекетінің кеңістігі, ортасы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |