Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2



Pdf көрінісі
бет31/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128
Байланысты:
Sbornik

ӘДЕБИЕТ 
1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А.: «Норма - К», 2008. - Б. 417 - 418. 
2. Казахстанская правда. 1988, 8 июля; Зан. 1996, 16 казан. С. 4 - 5. 
3. Декабрь 1986. Книга - хроника (вторая). Алма - Ата, 1992. - С. 20. 
4. Спанова Р. Біз білетін желтоқсан: Естелік эссе. А.: «Жалын», 2000. - 208 бет. 
5. Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  5  -  том.  -  А.: 
«Атамұра», 2010. - 688 бет. 
 
 
АЗАМАТ СОҒЫСЫНАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІ 
 
Әскерхан А. - И - 41 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: гуманитарлық ғылымдар магистрі Шайхыгалиев Е.А. 
 
Жалпы  азамат  соғысы  Қазақстан  тарихында белгілі орын алатын  тарихи 
өзекті  мәселелердің  бірі.  Қазақ  халқы өзінің бұрын соңды  тарихында  басынан 
небір  қилы  замандарды  өткізген.  Азамат  соғысы  аяқталды.  Халық  еңсесін 
көтеріп,  есін  жинай  бастады.  Бірақ  еліміздің  көп  бөлігінде  қуаңшылық 
жайлады. Қатты жұт болып малдың көбі қырылды.Мал шығыны мен қатар адам 
адам шығыны да көбейді. Елде ашаршылық бсталды. Аштыққа індет қосылды. 
Қазақ  еліне  тағы  да  қара  түндер  орнады.  Халықтың  саны  азайып  кетті.  Кеңес 
үкіметі халықтың жағдайын жақсарту шараларын жүзеге асыра бастады. Ауыл 
шаруашылығын нығайту үшін машина, трактор, құрал - жабдықтар, тұқым т.б. 
сатып алу үшін мемлекет тарапынан ақшалай көмек, несие беріле бастады.
 
Азамат  соғысы  қазақ  халқына,  Қазақстанның  көп  ұлтты  еңбекшілеріне 
сансыз көп қайғы - қасірет әкелді. Демографиялық жағдайда келеңсіз өзгерістер 
болды.  Мал  саны  күрт  азайып  кетті.  Соғыс  қимылдары  өңірінде  қалған  ауыл 
және  село  тұрғындары  материалдық  жоқшылыққа  ұшырады.  Шаруалар 
қоғамның байлығын өндіруден қалыс қалды. Көптеген ауыл халқы мекендеген 
жерлерін  тастап,  көшіп  кетуге  мәжбүр  болды.  Қатыгездік  пен  зорлық  - 
зомбылықтың күшейтілуі үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік ахуалын туғызды. 
Солай  бола  тұрса  да,  азамат  соғысы  жағдайында  Қазақстан  еңбекшілері 
күйзеліске, ашаршылыққа қарсы одан әрі жанқиярлықпен күресе берді
 
1920  жылдың  аяғына  қарай  азамат  соғысы  Қазақстан  жерінде  негізінен 
тоқталды.  Алайда  соғыс  салған  күйзеліс,  жоқшылық,  қайыршылық  қасіретін 
сөзбен  жеткізу  қиын.  Цифрларға  жүгінсек,  307  кәсіпорынның  250  -  і  тоқтап 
тұрды.  Мұндай  өндіру  импералистік  соғыс  басталғанға  дейінгі  1913  жылмен 
салыстырғанда  4  есе,  көмір  5  есе  қысқарды.  Ал  мыс  өндірісі  мүлде  тоқтап 
қалды.  Мұнай  кәсіпшілігін  шетелдіктер  тонап,  тіптен  400  мың  пұттан  астамы 
теңізге ағызып жіберілді. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары, Спасск 
кен байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлкедегі халық шаруашылығының 
үлес  салмағы  жалпы  елдегі  өнімнің  небәрі  6,3%  -  ын  құрады.  Ауыл 


44 
шаруашылығы да айтарлықтай құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал облысында екі 
еседен  астам,  Жетісуда  3  еседей  қысқарды.  Мал  саны  да  едәуір  азайып,  29,9 
миллион бастан 16,3 миллионға дейін кеміді. Жағдайды жөнге келтіруді көздеп, 
Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың басында халыққа азық - 
түлікті,  отынды  тегін  беру,  коммуналдық  қызметтерді  ақы  -  пұлсыз  көрсету 
жайлы  және  ашыққандарға  арналған  асханалар  ашу  туралы  декреттер 
қабылдады.  Алайда  зорлық  -  зомбылыққа  негізделген  азық  -  түлік  саясаты 
сәтсіздікке  ұшырады.  Жоқшылық  пен  тұрмыс  тауқыметін  тартқан  қауіптің 
шыдамы  таусылды.  Ақмола,  Орал,  Семей  облыстарында  халықтың  бас 
көтерулері  басталды.  Жұмысшы,  шаруа  өкіметіне  қарсы  күштер  соғыс 
коммунизм  саясатына  шаруалардың  наразылығын  шебер  пайдаланып,  ұсақ 
буржуазиялық  күштерді  жас  өкіметті  жоюға  айдап  салды.  Сондай 
қарақшылардың  қанды  қолынан  Қарқаралы  оязының  жетпістен  астам  басшы 
қызметкерлері қаза тапты [1]. 
Жалпы  ел  аумағында  қалыптасқан  әлеуметтік  -  экономикалық  жағдай 
ұсақ тауар өндірісімен айналысатын шаруалар мүддесімен сай келетін саясатқа 
көшудің  қажеттігін  көрсетті.  Осыдан  бастап  елдегі  экономикалық  мәселе 
саясатқа  айналды.  Қалыптасқан  жағдайды  ескеріп,  1921  жылдың  наурызында 
өткен  РКП  (б)  -  ның  Х  съезі  азық  -  түлік  салғыртын  салықпен  алмастыру 
туралы,  әскери  коммунизмнен  жаңа  экономикалық  саясатқа  көшу  туралы 
шешім  қабылдады. Оның  мәнісі –  қатаң  бір  партиялық  тәртіпке  көшу,  өзгеше 
ойлау мен әрекеттің қандайын болса да тұншықтыру; экономикада әкімшілік - 
рыноктық  шаруашылық  жүйесіне  көшу.  Жаңа  экономикалық  саясаттың 
енгізілуіне  байланысты  жерді  жалға  беру  мен  алуға,  жалдамалы  еңбекті 
қолдануға  рұқсат  етілді.  Ауыл  шаруашылық,  несие  және  тұтыну 
кооперацияларын  дамыту  көтермеленді.  Соғыс  коммунизмі  тұсында  еңбекке 
күшпен  тарту  тәртібі  жойылды.  Ұсақ  кәсіпорындар  жеке  адамдарға  немесе 
кооперативтерге жалға берілді. 
Темір жол және автомобиль тасымалы, өндіруші және өндеуші өнеркәсіп 
кәсіпорындары  шаруашылық  есепке  көшіріледі.  Жаңа  экономикалық  саясатқа 
өту  1921  жылы  маусымда  Орынборда  өткен  өлкелік  облыстық  бірінші 
құрылтай партия конференциясында мақұлданды. Машиналарды жалға беретін 
алғашқы  пунктер  сол  сәттен  -  ақ  іске  кірісіп,  базарлар  ашылып,  кедейлер 
егістікті ұжымдасып жыртуға бірікті, ол жемісін бере бастады. 
Алайда  мал  шаруашылығындағы  жағдай  ауыр  болып  қала  берді.  Себебі 
1920–1921  жылдардағы  қыстың  қатал  болып,  ұзаққа  созылуы  ауыл 
тұрғындарының  жағдайын  ауырлатты.  Мал  басының  жаппай  қырылуына  жол 
берілді.  Торғай  облысының  тұрғындары  малдарынан  түгелдей  айырылды  десе 
де  болады.  Адамдардың  аштан  өлуі  өсті.  Ол  отырықшы  орыс,  украин 
селоларын  да  шарпыды.  Аштықтан  қорыққан  шаруалар  салық  бойынша 
жиналған  астықты  бөліске  салуға  кірісті.  Мәселен,  Қостанай  оязының 
Дмитревка  селосында  200  -  дей  әйел  салғырт  бойынша  жиналған  астықты 
Орынборға  аттандырайын  деп  жатқан  жерінен  тоқтатты.  Сөйтіп,  салық 
бойынша  жиналған  астықтың  ауылда  қалуын  қамтамасыз  етіп,  халықты 
аштықтан құтқарып алды [2]. 
 


45 
Ал  аштыққа  ұшыраған  Васильевка  селосының  тұрғындары  күн  сайын 
ертемен  шіркеу  қоңырауларының  соғылуымен  алаңға  жиналып,  азық  -  түлік, 
мал жемі мәселелерін талқылауға әдетке айналдырған. 
1922 жылдың ақпанында өткен өлкелік екінші партия конференциясында 
«Елдегі  аштық  және  онымен  күрес»  туралы  ҚазОАК  төрағасы  Сейітқали 
Мендешев  баяндама  жасайды.  Ашаршылықтың  Семей,  Ақмола  облыстарынан 
басқа жердің бәрін қамтығаның хабарлайды. Аштық апатының ащы азабы адам 
өліктерін  жеуге  дейін  жеткізді.  Жер  -  жерде  ашаршылықпен  күрес 
комиссиялары  құрылады.  Комиссия  мүшелерінің  жатпай  -  тұрмай  жүргізген 
жұмыстары  нәтижесінде  ашаршылық  қасіретіне  басқа  аймақтарға  қарағанда 
күштірек  ұрынған  Торғай  облысы  тұрғындарына  елу  мың  пұт  ұн,  көктемгі 
тұқым себу науқанын өткізуге 500 пұт дән бөлінеді [3]. 
Бұл жерде Қазақстанда жер - су реформасы қолға алынды. Өйткені, елдегі 
жарты  миллиондай  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  шаруашылықтарды 
отырықшылыққа өткізбейінше жанаша тұрмыс құру қиын еді. Отырықшы елдің 
экономикасы  мен  мәдениетінің  озық  дамитыны  ақиқат.  Бірақ  әбден  үйренген 
кәсіптен  бірден  қол  үзу  қиын  болды.  Бұл  бағыттағы  іс  отарлау  «тәртібімен» 
тартып  алынған  45  миллион  десятина  жерді  иелеріне  қайтарудан  басталды. 
Көптеген  кедейлерге  мал  жаю,  егіс  салуға  жер  берілді.  Мұндай  жұмыстар 
Жетісу,  Сырдария  облыстарынан  басталып,  бүкіл  өлке  бойынша  жүргізілді. 
Кулактардан,  казак  орыстардың  езуші  топтарынан  күшпен  қайтарып  алынған 
жерлер  қазақ  кедейлері  мен  1916  жылғы  көтерілісті  басу  кезінде  елден 
кеткендердің  қайта  оралғандарына  берілді.  Сондай  -  ақ  кулактар  басып  алған 
127  мың  десятина  құнарлы  жер  қоғам  қорына  көшті.  25  мың  десятина  жер 
астық  өндірісі  мен  жайылымдыққа  берілді.  Еңсесі  көтерілген  кедейлер 
кооперативке кірді. Павлодар оязы Ақкелін болысының 5 – 6 кедейі қол күшін 
біріктіріп,  көлік,  құрал  -  сайманың  ортақтастырып,  ылғалы  мол,  топырағы 
құнарлы жерге бір - екі пұт дән септі. Келісті күтімге орай десятина сайын 15 – 
20  пұттан дән бастырды.  Қолға  алған  ітің  қайтарымын  қолымен ұстаған ұжым 
үлгісімен келесі көктемде бүкіл ауыл болып егіс салды. 
Ақмола  облыстық  атқару  комитетінің  төрағасы  Сабыр  Шәріповтың 
басшылығымен  Қызылжар,  Көкшетау,  Атбасар,  Ақмола  ояздарының 
әрқайсысында  бір  -  бірден  отырықшы  қазақ  шаруалары  мекендейтін  үлгі 
қалашықтар  салу  басталды.  Бұл  қалашықтар  табиғаты  көрікті,  тұрмысқа 
қолайлы,  топырағы  құнарлы  жерлерде  тұрғызылды.  Отырықшылыққа 
көшкендерге  өкімет  тарапынан  мал  және  құрал  -  жабдық  жағынан  көмек 
көрсетілді.  Ол  мекендерде  бірмезгілде  аурухана,  малдәрігерлік  пункт,  ұста 
дүкені, мектеп құрылыстарын салу қолға алынды [4]. 
Отырықшылыққа көшкен шаруалар мерзімді салықтан босатылды. Тиісті 
шарттармен  несиеге  тұқымдық  астық,  тегін  құрылыс  материалдарын  алды. 
Басқалай  шығындардың  біразын  мемлекет  өз  есебінен  өтеді.  Мұндай 
жеңілдіктер әр көшпендінің отырықшылыққа өтуге ынтасын арттырды. 
Отырықшылыққа көшкен қазақ ауылдарында мал тұқымын асылдандыру, 
жерді агрономиялық талаптарға сай өндеу қоғамдары құрылды. Солардың бірі 
1925  жылдың  жазында  Павлодар  оязына  қарасты  Маралды  болысындағы 
Жылыбұлақ  мекенінде  құрылды.  Ояздық  жер  бөлімінің  бастығы  В.  Бутиннің 


46 
басшылығымен  құрылған  бұл  қоғамға  «Үлгілі  шаруа»аты  беріліп,  оның 
қатарына 25 мүше қабылданды. Ал Қостанай оязының Қарабалық болысындағы 
бесінші  ауылда  ұйымдасқан  «еңбекші  қазақ»  қоғамы  мал  тұқымын 
асылдандырумен  айналысты.  Оның  алғышарты  ретінде  жылы  қора  салу,  мал 
күтімін жақсарту жұмыстарына еңбектің үлгісін көрсетті. 
Отырықшылыққа  өтіп  жатқан  отбасылардың  өтінішімен  қатынас 
жолдарын,  почта  үйлерін,  көпірлер  салу,  жөндеу  жұмыстары  қолға  алынды. 
Ырғыз бен Торғай арасын жалғастырған бес почта станциясы салынды. Алға - 
Ембі теміржол желісін тартуға жұмысшылар жиналды, олардың тамақтануына 
азық - түлік, ыдыс - аяқ жіберілді. Екпінді құрылыстағыларға қажетті ондаған 
киіз  үй,  жатақхана  үйлеріне  жаппалар  дайындап  берілді.  Қол  күші  жетпей 
жатқан  Ганюшкино  -  Бозашы  елді  мекендерінің  аралығындағы  қара  жол 
құрылысына еңбекшілер тартылды [5]. 
Ауыл  өмірініңтүбегейлі  мәселелерін  шешу  мақсатымен  қарапайым 
кооперативтер  құрылды.  Кедейлер  мен  орта  шаруаларды  кооперативтерге 
біріктіру  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  арттыруға  жол  ашты.  1925  жылдың 
басына  қарай  республика  бойынша  187  мың  адам  кооператив  қозғалысына 
тартылды. Олар адамдарды азық - түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз 
етуге елеулі үлес қосты. Қазақстанда дайындалған астықтың 40 пайызын берді. 
Сондай - ақ шетке шығарылатын шикізатты өндіруге де ат салысты. 1924 жылы 
708,4  мың  аң  терісі,  433,2  мың  мал  терісі,  44,8  мың  қой,  1,6  мың  түйе  жүні 
дайындалған.  Кооператорлардың  белсенді  қатысуымен  май  өндіру  ісі  қолға 
алынды. Тек Семей облысының өзінде 1926 жылға дейін 104 мал қнімін өндеу 
артелі  құрылып,  қатарына  11  мың  жұмыскерді  біріктірді.  Ал  Ақтөбе 
облысының  кооператорлары  тері  өндейтін,  киім  тігетін  кәсіпорындар,  май 
қайнататын завод, екі ұн диірменін және электр станциясын ашты. 
Тұтыну  кооперативтері  қала  іргесіндегі  шаруашылықтарын  құрып,  қала 
халқын  көкөніспен,  сүт  өнімдерімен  қамтуда  көптеген  іс  тындырды.  Мұндай 
Шаруашылықтарды  құруға  қажетті  құрал  -  жабдықтар  жасаған  кооперативтер 
жұмысын  талдау  олардың  өндіріс  тиімділігіне  баса  көңіл  бөлгенін  байқатады. 
Бүгінгі  нарықтық  қатынасқа  көшу  жағдайында  да  кооператорлар  қызметінің 
қыр - сырын ұғыну үшін өткен тарихымызға көз жіберудің көмегі көп [6]. 
Қазақстанда  Азамат  соғысы  аяқталғаннан  кейін,  экономикалық  және 
әлеуметтік жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. 
Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары 
мұнда  бұрынғы  феодалдық  дәуірден  мұра  болып  келеген  экономикалық  және 
мәдени артта қалушылықпен байланысты еді. Халықтың басым көпшілігі ауыл 
шаруашылығында  еңбек  етті.  Егіншілікте  жерді  біраз  тыңайтып  алып  қайта 
жырту  жүйесі  мал  шаруашылығында  көшпелі  және  жартылай  көшпелі 
шаруашылық басым болатын. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет