ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
И - 41 тобының студенті Наймантаева Г.
Ғылымы жетекші: гуманитарлық ғылымдар магистрі Капбасова Д.С.
Тәуке хан – қазақ халқының тарихи санасында өзінің кемеңгерлігімен,
даналығымен, ақылдылығымен, әділдігімен, бітімгерлігімен сақталған
хандарымыздың бірі. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде Тәуке ханның осындай
қасиеттерін ашып көрсететін тарихи аңыз - әңгімелер жетіп артылады. Осыдан
200 жылдай бұрын Тәуке хан туралы ел аузынан естіген материалдарын
жинақтай келе, қазақ тарихы туралы тұңғыш көлемді еңбек жазған Левшин
А.И., оның тарихи тұлғасына мынадай сипаттама берген болатын: «Ол бірнеше
жылдарға созылған қантөгіс соғыстарды тоқтатып, өзара қырқысуларды
тыныштандырды, ол өзінің ақылдылығымен бағындыра білді, ол мықтыларды
тыныштандырып, әлсіздерді біріктіру арқылы күштілерге қарсы тұра
алатындай етті, ол жалпыға ортақ заң шығарып, сол заңмен өмір сүргізді,
қазіргі күнде ол заң қазақтардың есінде сақталған». Ауыз әдебиетінің
материалдары мен жазба дерек мәліметтеріне сүйенген еліміздің тарихшылары
да Тәуке ханның жеке басының қасиеттері мен билік құрған жылдарындағы
жүргізген саясатына оң бағалар береді. Қазіргі күнде тарихи білімдерге деген
сұраныстардың артуына байланысты ежелгі және ортағасырларда Қазақстан
аумағында өмір сүрген тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық қызметтері,
тарихи бейнелері қалың көпшілікті қызықтырып отырғаны белгілі [1].
Жәңгірұлы Тәуке хан (1626 - 1718) - Қазақ хандығының ханы, Салқам
Жәңгір ханның баласы. Шешесі - қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі
Күндеген тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығың билік тізгінің
қолға алған кезде (1680). Тәуке хан ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан,
мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын.
Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын
жүргізгенмен, оны жүзеге асыруға келгенде, бұрыңғы сүрлеумен кетпей,
өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның
шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытатын қасиетті де
осы өзіндік жолмен жүрүінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай
бейімделеді [2].
Тәуке ханның елі үшін сіңірген еңбегі екі қырымен айрықша назар
аударады. Бірі - елдің іргесін аман сақтауда саясатты біргілікпен жүргізіп,
анталаған көп дұшпанға бел аудармағаны. Екіншісі - елдің ішкі жағдайын
ретеудегі саяси - құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай
48
шалдырмайтын, сыртқы сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен
жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік - берекесінкіргізетін ақыл
иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл - ой, парасат үстемдігін
орнатты [3]. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле,
Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз
Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың
ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділеттісімен, қара
қырды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты
билердің болғаны мәлім. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай
тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік - берекесін кетірер ішкі
дау - жанжалды, барымта - сырымтаны тиып, елді ынтымақтақта ұстау
мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс - қимыл жасау арқасында
Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқы айбарын асырды. Жұрт
ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де
Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
тыныш берекелі заман болып қалды» [4].
Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай
бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті
дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс
жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы
Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын
қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан
билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды
есептемегенің өзінде 1711 - 1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ
арасындағы ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде
тыныштық орнауында, халық арасындағы ырыс қазығы - ынтымақтың берік
қағылып, ағайын аралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел
басшысының төңірігіне халықтың ақыл ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан
тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды [5].
Тәуке ханның билік құрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың
барлық рулары мойындамаған [6]. Сондықтан Тәуке хан бытыраңқы қазақ
қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құруды басты
міндеті деп санады. Осы мақсатта әр түрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды,
ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бұған дейін мемлекетті
басқару ісіне тек Шыңғыс ханның ұрпақтары мұрагерлік жолмен тартылатын
еді [4, 367 б.].
Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер
кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу
қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен еңген. Тәуке ханның заңдарын
зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдетегі құқық
нормаларының бір жүйеге келтіріп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды
[7].
Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз
байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет -
ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған
түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы»,
49
«Есімханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп,
толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын
құрастырды. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен
белгілі. Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары,
сондай - ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда
қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Оларда орта ғасырдағы
қазақ қоғамының патриархаттық - феодалдық құқығының негізгі принциптері
мен нормалары баянды етілген. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды
білдіреді. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық
қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы,
құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар
арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1 - жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы
бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2 - жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім
жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін
қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3 - жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына
бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі
өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға
тиіс өте елеулі жаңалық).
4 - жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені
бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін
қамтамасыз еткен, неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5 - жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге
өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс
күші ретіне бағаланады).
6 - жарғы. Төбелесте мертігуің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн
төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ
болса қыздың қалыңмалын береді.
ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді
7 - жарғы. Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үщін он есе артық айып
төлеттірілсін [7, 15 б].
Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін
құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және
жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық -
феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес
еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп,
қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын - сонды
Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ
жағдай еді.
Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680 - 1718 жж.)
тұсында қазақ хандығың бірлік - берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ
тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы»деп аталды. Ол хан тағына
отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен
бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға
50
қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |