84
атқарған қызметінің бірқатар проблемаларын қарастырды, интеллигенцияның
қалыптаса бастаған кезеңі туралы жаңсақ айтылған пікірлерді сынға алды.
Соңғы жылдары интеллигенция тарихының қадау - қадау проблемаларын жаңа
тарихи таным мен методология тұрғысынан саралауда қыруар істер
тындырылды. Академик М.Қ. Қозыбаев өз еңбектерінде интеллигенция
тарихындағы «ақтаңдақты» беттердің сырын ашып, оның жазықсыз жазаға
ұшыраған қайраткерлерінің мұрасын зерттеудің бағыт - бағдарламасын
айқындап берді. Белгілі ғалым К.Н. Нүрпейісовтың дәйекті зерттеулері қазақ
интеллигенциясына таңылған қатал, әділетсіз бағаның ақиқатын анықтап,
тарихи шындықты қалпына келтіруге арналған [3].
Егеменді еліміздің жаңа тарихи танымын қалыптастыруда тындырымды
ізденістері мен танымал М. Қойгелдиевтің докторлық диссертациясында және
соның негізінде жарияланған монографиясында қазақ демократиялық
интеллигенцияның XX ғасырдың алғашқы 20 жылындағы қоғамдық - саяси
қызметі жан - жақты терең қамтылған. Аманжолованың Д. «Казахский
автономизм и Россия» жуырда шыққан «Алашорда на изломе ХХ века» атты
монографиялар аталған тақырыпты жаңа пайымдаулар тұрғысынан қараумен
ерекшеленеді, әсіресе деректемелік базаның ауқымдылығымен көзге түседі.
Әбілхожиннің Ж.Б. еңбектерінде ұлттық - демократиялық интеллигенция
өкілдерінің қазақтың әлеуметтік - экономикалық өмірін зерттеуге қосқан үлесі
тиісті бағасын алған. Көкшелік айтулы ұлт тұлғаларын зерттеуде көп еңбек
сіңіріп, бұрындары көпшілікке беймәлім боп келген алаш азаматтарының
қызметін, саяси - қоғамдық келбетін танытудағы профессор Әбуовтың Қ
еңбектерінің орны ерекше, ғалымның: Сұлтанғазы Уәлиханов, Мәмбеталы
Шөбекұлы, Науан Хазірет, Шәймерден Қосшығұлов, Айдархан Тұрлыбаев
турасында жазған мақалалары мен кітаптары қазіргі алаштануға қосылған
өзіндік үлес болып табылады [5].
Сондай - ақ күнделікті баспасөз соның ішінде Өмірзақ Озғанбайдың
«Егемен Қазақстан»газетінде «Ресей Думасындағы қазақтар» атты көлемді
мақала жарияланып, онда көкшелік алаш азаматтары Айдархан Тұрлыбаев,
Шаймерден Қосшығұлов турасында біраз материалдар көпшілікке танымал
болды. Зерттеуші ғалымдар мен публицистердің шығармашылық ізденістері
баспа жүзінде жарық көрді [6].
Достарыңызбен бөлісу: