АСТАНАНЫҢ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» БАСТАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСУЫ Бекишев К.О., Нурмаканова А.Е.
Ауа тазапығының маңызы бұл салада ерекше. Ақмола облысында
атмосфералық ауаны ластайтын 2467 тікелей және 97768 жылжымалы көздер
бар. Биыл барлық көздерден шығарылатын лас заттар көлемі. 183,4 мың тонна
болады деп жобалануда. Осының 85,7 мың тоннасы жылжымалы көздерден
жинақталады. Ірі кәсіпорындардағы стационар көздерде шаң - газ тазартатын
қондырғылар бар. Ал селолық жерлерде бұл проблемалар шешімін тапқан жоқ.
Жылу - энергетика кешендері әлі де экологиялық таза, хауіпсіз отын түрлеріне
түгелдей көше қойған жоқ.
Ауа кеністігінің ластануы.
Облыста атмосфераны ластаушы заттардың негізгі көзі автокөлік және
жылуэнергетика кәсіпорындары. Бұрынғы уақытта сияқты бүгінгі таңда Ақмола
облысы бойынша атмосфера ластануының ең ірі стационарлық көзі болып
Степногорск ЖЭС, ЖШС «Джет - 7» және Көкшетау қаласының жылу жүйесі
орталыгы ( ГКП «АҚ №2») болып табылады.
Атмосфераға түсетін ластаушы заттардың барлық стационарлық көздері,
ірі және ұсақ жылу жүйелері (қазандықтар), сонымен қатар автокөліктік
құралдар түгенделді. Аудандарда жағылатын отын көлемі және жылжымалы
қалдық көздері туралы мағлұматтар тексерілді.
Кесте. Ауа ластану көздері мен көрсеткіштері (2004 - 2005 жж.)