ЖАЛҒА АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ МЕН АУДИТІ
ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Баимбетов М.К. э.ғ.к.
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті,
Шайменова К.Ш. ЕА - 41 тобының студенті
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Бүгінгі таңда Қазақстанның Ресеймен және Беларусь пен Кеден одағының
құрылуы, яғни біртұтас кеңістіктің қалыптастырылуы кәсіпкерлерге жаңа
мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу
жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік
артықшылықтарды өсіре түсу маңызды болып табылады [1].
Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайына келетін болсақ,
өндірістік өнеркәсіпте негізгі құралдардың жағдайына байланысты қиын ахуал
қалыптасуда. Өнеркәсіптің технологиялық және ғылыми салаларында негізгі
қорлардың тозуы 50% жетіп отыр. Өндірістік өнеркәсіптегі негізгі қорлардың
орташа қызмет ету мерзімі 17 - 20 жылды құрайды. Ал әлемде негізгі
құралдарды толығымен айырбастау 5 – 7 жыл кезеңінде жүргізіледі, яғни біздің
кәсіпорындар өздерінің бәсекелестерінен екі ұрпаққа кейін жүретін негізгі
құралдармен жұмыс істейді дегенді білдіреді. Ескі негізгі құралдарда жұмыс
істеу отандық өнеркәсіптің қуат сыйымдылығын елеулі арттырады, бұл
дамыған елдермен салыстырғанда орташа 30% жоғары болып табылады [2].
Осы қалыптасқан жағдайдан қазақстандық кәсіпорындармен өндірілетін
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өндірістік процесте
қолданылатын құрылғыларды, технологияларды, негізгі құралдарды жаңарту
қажеттілігін көріп отырмыз.
Демек, негізгі құралдарды жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып
отыр. Оларды өз уақытында ауыстыру, техникамен жарақтандыру,
модернизациялау, реконструкциялау үрдістерін жеделдету үшін инвестициялық
және инновациялық ресурстардың қажеттілігі туындайды.
Бүгін көптеген қазақстандық кәсіпорындар өндірісті дамыту үшін, жаңа
құрылғыны сатып алу және жаңа технологияларды енгізу үшін
инвестицияларды іздеуде көптеген қиыншылықтармен кездесуде.
Негізгі құралдардың жаңартудың кең тараған қаржыландыру көзі болып
саналатын - банктардан несиені алу қаржылық дағдарыс салдарынан күрделене
түсуде, сонымен қатар оның кепілзатын сұрауы, бос қаржы құралдарының
жеткіліксіздігі, негізгі берешек пен сыйақы бойынша берешекті қайтару
шарттарының қаталдығы қиындықтар туғызады. Сондықтан өндірісті дамыту
мен жаңарту үшін қолданылатын қаржыландырудың тиімді де қол жетімді
тәсілдерінің бірі – жалдық операциялар, әсіресе қаржылық жал (лизинг) болып
табылады. Ол кәсіпорындардың қаржылық өтімділігін сақтай отырып, өтімді
құралдарын айналым капиталы мен басқа да капитал салымдарына бағыттайды,
кепілзатты қажет етпейді, жалға алушының нақты өзіне қажетті құралды алу
мүмкіндігі және жалдық төлемдерді өтеу графигінің икемдлігімен ерекшеленеді
160
[3].
Кез келген ұйымның шаруашылық қызметі бір - бірімен өзара тығыз
байланысты үш үрдіспен жүргізіледі: жабдықтау (материалды техникалық
ресурстарды табу мен дайындау), өнімді өндіру және оны өткізу. Бұл үрдістер
бір мезгілде жүргізіледі, оған жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбектері
және негізгі және айналыс құралдары қолданылады. Осыдан ұйымның
бухгалтерлік есебінің маңызды объектісі болып негізгі және айналыс
құралдары және оның қозғалысы табылады.
Негізгі құралдар ұйымның маңызды экономикалық потенциалы болып
есептелуінде және олардың жағдайы кәсіпорынның қаржылық жағдайының
жоғарылауы мен бәсекелестікке қабілеттілігін алдын ала анықтауға мүмкіндік
береді [4].
Кез келген ұйым өз қызметін бастар алдында өзінің мүлкін, ақша
қаражаттарын және басқа да шаруашылық құралдарымен иеленуі керек. Иелік
етпеген жағдайда, негізгі құралдарды жалға алуларына мүмкіндіктері бар.
Негізгі құралдарды жалға алу жалгерлер үшін де тиімді. Себебі негізгі құралдар
уақыт өте келе және қызметі барысында тозады, онымен байланысты
шығындардың барлығы жаңадан нарықта пайда болған ұйымдар үшін
шығындар сомасын көбейтеді. Сол себепті негізгі құралдарды жалға алу жалгер
үшін маңызды:
Ақша қаражаттары жетіспеушілігі жөніндегі мәселелерді шешеді, яғни
жалға алынған активтердің құнын 100% - ға қаржыландаруға мүмкіндік
болады;
- Қолданысқа дайын құрылғыларды жалға алу тиімділігі;
- Үнемі қолданыста болмайтын активтерді иеленудегі тиімсіз болатын
жағдайлар туындамайды;
- Қысқа мерзімді жалдау жоғары технологиялық құрылғылардың және
жаңа тауарлардың ескіруінен қорғайды;
- Тездетілген амортизация, пайыз бойынша шығындар кезінде табыс
салығын төлеуде инвестицияға салықтық жеңілдіктер қарастырылған;
- Өнеркәсіп құрылғыларын өндірушілер үшін – өткізудің жоғарылауы;
Осыған орай, әлемдік экономикада серпінді даму алған қызмет көрсету
саласындағы кәсіпкерлік, коммерциялық қызметтің салыстырмалы түрде жаңа
түрі және еліміздегі тұрғын үй мәселесін шешудегі жаңа құрал ретінде–жалдық
операциялардың маңызы зор. Сонымен қатар, бұл экономикалық қызметтің
әмбебап түрі, яғни ол несиенің, инвестицияның элементтерін қамтиды.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру және әлемдегі 50
дамыған ел қатарына қосылу талпынысы кезінде жалдық операциялар
қызметтің және өнім өндірісінің дамуы мақсатымен, фирмалар арасында
іскерлік байланысты орнату түрі ретінде маңызды рөль атқарады. Жалдық
операциялар көп көлемде капиталдың болмауы жағдайында, әсіресе шағын
және орта кәсіпкерлікте, кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі елеулі меншікті
қаражаттарын қолданбай, негізгі құралдарды сатып алуға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, жалдық операциялар дамуының актуалдығы, алдымен
негізгі құралдар паркі жағдайының нашар болуымен, моральдық тозған
құралдардың үлесінің елеулі болуымен, оларды пайдалану тиімділігінің
161
төменділігі, қосымша құрылғылармен қамтамасыз етілу мүмкіндігінің жоқ
болуымен айқындалады. Осы мәселелерді шешудің тәсілі сыртқы саудалық,
несиелік, инвестициялық операциялардың элементтерін біріктіретін жал
операциялары болып табылады.
Сондықтан жалға алушы тұрғысынан жалдың әртүрлілігінен туындайтын
экономикалық қатынастарды зерттеу және жалға алынған негізгі құралдардың
бухгалтерлік есебін және аудитін ұйымдастыруды жетілдіру өзекті болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |