33
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптас-
тыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру
процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды
тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты
анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға
негізделген процесс.
Критериалды бағалау мұғалімдерге әрбір оқу бағдарламасы бойынша оқу
мақсаттарына жету үшін қажетті спецификалық білім алуын, оны түсінуін
дамытуға және 21 ғасырда сәтті өмір сүру үшін қажетті дағдыларға ие болуға,
оның ішінде топта жұмыс істей білу, критикалық ойлау, зерттеу дағдылары,
бағалау мен анализдеу және тағы басқа дағдыларына ие болудың маңыздылығына
жеке оқушылардың көңілін шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Электронды журналға қойылатын бағалар:
«Жетті» (оқыту мақсатына жеткен жағдайда);
«Талпынады» (егер де оқыту мақсатына жетпесе).
Мұғалім оқушыға оқыту мақсатына жету үшін тоқсан барысында бірнеше
мүмкіндік бере алады.
Бағалауды осындай тұрғыдан қарау тек тоқсанды аяқтау үшін нәтиженінің
болуы ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге ол көптеген ақпараттар беріп, өз
жұмыстарында оқушылардың жетістіктерін сараптауда және оқушылардың оқу
материалдарын игерудегі білім процесін ұйымдастыруына, түзетуіне мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: