34
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша оқыту дағдылары
төмендегідей сипаттамалармен беріледі:
Тыңдалым: Оқу бағдарлама шеңберінде әр түрлі тақырыптардың негізгі
мазмұнын және өзекті ақпараттарды бөлуді түсіну.
Контекст бойынша сөз мағынасын анықтау, сөйлеушінің пікірін тану біліктілігі.
Оқушы деңгейіне сәйкес әр түрлі текст үлгілерінің мазмұнын қабылдау және
түсіну біліктілігі: естігеннің негізгі мазмұнын түсіну, текстің бөлшектеріндегі
таныс сөздерге, сөз орамдарына және айтылуларға сүйене отырып керекті/ нақты
ақпаратты таңдау және қолдану.
Жазылым: Пәннің оқу бағдарламасы шеңберінде көркемдік және ғылыми
тақырыптағы мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және ақпаратты іздеудің әр
түрлі стратегиясын қолдана отырып олардан негізгі ақпаратты бөлу.
Контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау, автордың пікірін және оған
көзқарасын тану, сөз мағынасын және оқығанды терең түсіну үшін әр түрлі сандық
және қағаз түріндегі негіздерді пайдалану.
Оқылым: Пәннің оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі тақырыптағы жазба
жұмыстарын
жоспарлау, жазу, мазмұндау және түзету.
Оқығанды сын тұрғысында пікірлеу, нағызғы және ойдан шығарылған оқиғаны
жазу біліктілігі.
Әр түрлі сөз тізбектерін пайдалана отырып, айқын стильді ұстанып
орфографиялық және
грамматикалық қате жібермей, сауатты жазу біліктілігі.
Айтылым: Пәннің оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі тақырыптағы ресми
және сөздің әңгіме стиліндегі сөздерін пайдалану.
Өз құрдастарымен тапсырма орындау процесіне қатынасу, түсініктерге жауап
қайтару, керекті ақпарат алуда күрделенген сұрақтарды кою біліктілігі. Оқиғаларды
қайта айту, ерекше лексиканы сауатты қолдану біліктілігі.
Топтық жұмыс
«БУРИМЕ» ойыны. (фр. bouts-rimés — «рифмдік аяқтау») Тақырып бойынша
ұйқастың түрі беріліп, сол бойынша өлең құрастыру тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: