КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ: 1. Мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті
өздерінің бағалау түрлерімен салыстырады; 2. Топтық жұмыс арқылы критерий
жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, өзін және өзгелерді бағалайды;
3.Бағалау парақшасының құрылымын көрсетеді, критериалды бағалау өлшемдеріне
сәйкес оқушыны бағалау әдіс-тәсілдерін практика жүзінде үйренеді.
МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: үшінші деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге
арналған.
ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР: диалогтік оқыту модулінің топтық және зерттеушілік
әңгіме түрлері, сыни көзқарасты бағалау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер: жануарлар,
кеңсе заттары, металл тұрғы, химиялық стакандар, газ өткізгіш түтігі бар тығын,
сынауықтар, сіріңке, шырпы, мақта. Реактивтер: марганец ІV оксиді, сутек асқын
тотығы, ағаш көмірі.
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР:
1. Практикалық жұмыстың бағалау критерийлері;
2. Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырма әзірлеу парақшасы;
3. Қалыптастырушы бағалау жүйесінің спецификациясы.
|