Адамгершілік құндылықтарын қорғау құқығы Ей, мүміндер! Бір ел бір елді тəлкек қылмасын. Бəлкім, олар өз-
дерінен жақсы шығар. Сондай-ақ əйелдер əйелдерді келемеждемесін.
Бəлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер,
жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін сүркей ат нендей
жаман. Ал кім тəубе қылмаса, міне солар залымдар. Ей, мүміндер!
Күмəннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмəннің кейбірі күнə.
Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген
туысының етін жеуді жақсы көре ме? Əрине, оны жек көресіңдер.
Расында, Алла тəубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді.
(Хужурат сүресі, 11-12)