Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет355/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Жəһилият  –  сөзбе-сөз надандық деп аударуға болады. Термино-
логияда ол Исламға дейінгі арабтардың қараңғылық дəуірін атау үшін 
пайдаланылады.  Сондай-ақ  кез-келген  халық  немесе  адамның  Ис-
ламмен танысқанға дейінгі кезін жəһилдік кезі деп атайды. Қысқасы 
Исламды  білмеушілік  немесе  оны  мүлде  мойындамаушылықты 
жəһилият деп атауға болады.
Жихад – Араб  тілінде  (ж-һ-д)  сөзінен  тарайды,  мағынасы: 
күресу,  күш  жұмсау,  тер  төгу.  Ислам  дінінде  жихад  кең  таралған 
ұғымдардың  бірі.  Жихад  əртүрлі  мағынадағы,  дене  күресі,  ақыл 
күресі, білім күресі жəне басқа да күрестерді қамтиды. Атап айтсақ 
Алла жолында адамның өз нəпсісімен күресуінен бастап Ислам жо-
лында  қару  ұстап  елін,  отанын  қорғап  соғысуына  дейінгі  күрестің 
барлық түрін жихад деп атайды.
Зекет – Араб тілінде зекет тазару, арылту дегенді білдіреді. Тер-
мин ретінде ол əл-ауқатты мұсылмандардың өз қажетінен тыс жиы-
лып қалған байлығынан қырықтан бір бөлігін жоқ-жітікке беруі. Бұл 
Ислам негіздерінің біріне жатады. Ежелгі Ислам мемлекеттеріндегі 
молшылық пен өсіп-өркендеудің басты себебі зекет жүйесін мықты 
ұстануында болды деуге болады.
Зина – ер мен əйелдің некесіз жақындасуын білдіреді. Сонымен 
қатар  Ислам  дінінде  тəн  жақындасуынан  бөлек  көз  зинасы,  құлақ 
зинасы, ой зинасы деген ұғымдар да бар. Бұлар тиісінше адамның 
қиялымен  зинаны  əдейілеп  ойлауы,  көзбен  сығалауы  немесе  есік 
сыртынан тыңдауы дегенді білдіреді. 
Иғтикаф – Мұсылманның  бір  немесе  бірнеше  күн  мешітте 
оңаша  отырып  Аллаға  құлшылық  жасауға  өзін  арнауы.  Иғтикаф 
кезінде  намаз  оқылады,  зікір  жасалады,  Құран  оқылады  жəне  тек 
табиғи қажеттіліктерді ғана өтеуге болады. Пайғамбарымыздың өз 
өмірінде  жиі  иғтикаф  жасағандығы,  əсіресе  Рамазанның  соңғы  он 
күнін иғтикафпен өткізгендігі риуаят етіледі.
Исраил – Исра  «таңдаулы  құл»,  Ил – «Алланың»  дегенді 
білдіреді.  Алланың  таңдаулы  құлы  дегенді  білдіретін  бұл  лақап 
Яғқұп  пайғамбарға  берілген.  Ал  оның  он  екі  ұлынан  тарайтын 
ұрпақты, яғни яһуд қауымын «Исраил ұлдары» деп те атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет