Оқулық. 2-басылым. Астана: ф олиант, 2013



Pdf көрінісі
бет3/85
Дата07.01.2022
өлшемі17,71 Mb.
#18556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
domestica M edik) жатады. Алмүрттың тіршілік үзақтығы 
телітуш іге  ж әне  сортына  байланысты  30  ж ы лдан  100 
ж ы лға  дейін  созылады.  Өнімді  15-30  ж ы л  береді.  Әр 
гектардан орта есеппен  100-150 ц өнім алынады.  Отыр- 
ғызылғаннан кейін 3-8 ж ы лда жеміс салады.
Мәдени  алмүрт  ағаш ы ны ң  биіктігі  4-15  м  болады. 
Қазіргі кезд е д үние ж үзін де ал мүрттың 10 мыңға ж уы қ
сорты бар. Қазаңстанның оңтүстік шығысында 10 сорты 
өсіріледі.
Алмүрт ағашы алма ағашымен салыстырғанда қысңы
суыңңа  төзімсіз.  Қ азаңстанда  оңтүстік  және  оңтүстік
шығыс аймақтарда өсіріледі. Алмүрт ағашы тау етегінде 
жаңсы өседі.
Б еке ( т уы сы  -  Cydonia M ill.)
Cydonia Mill, туысына бір түр -  кәдімгі беке (Cydonia 
oblonga M ill) жатады.  Беке — бағалы жеміс дақылы, ол
4 мың жылдан бері өсіріледі.
Қ азаңстанда  беке  О ңтүстік  Қ азақстан  облысының 
оңтүстік аудандарында жөне тау етегінде өсіріледі.
Беке  -   ж ары қ  жөне  ж ы лу  сүйгіш,  ыстықңа  төзімді 
дақыл.  Бекенің  ағаш   төрізді  және  бүта  төрізді  түрлері 
кездеседі. Бекенің ағаш  төрізді түрінің биіктігі 5-6 метр, 
ал бүта төрізді түрінің биіктігі 1-2 м болады. Ж емісті ерте 
жөне жыл сайын салады. Отьгрғызылғаннан кейін 3-5 жыл­
дан соң жеміс сала бастайды. Эр гектардан орта есеппен
150-180 ц өнім береді.
Ж емістері ңатты, сағақсыз, жас күйінде жеуге жара- 
майды.  Ж емістерінің өзіне төн хош иісі бар.  Ж емістері 
өңдегеннен кейін өте бағалы.  Беке ағашы  30-50  ж ылға 
д е й ін   ж е м іс   б ер ед і.  Қ а з а қ с т а н д а   б е к е н ің   3  сорты  
ауданд астыры лған .
7


С щ е к т і ж емістілер тобы
Бүл топтың қүрамы на шие, тәтті шие, алхоры, алш а, 
өрік,  шабдалы,  ш ырғанаң  (тікен  жиде)  кіреді.  Сүйекті 
жемістілер тобына ж ататы н өсімдіктердің шырғанаңтан 
басңасы раушан гүлділер түңымдасына (Rosaceae L.) жа- 
тады.  Сүйекті жемістілер жеміс-жидек дақылдарының 
8 ,6 % 'ы н  ңүрайды. 
^
Ш ие ( т уы сы  -  Cezasus L .)
Cerasus L.  туысына ш иенің 200-ге ж уы ң түрі кіреді. 
Ш иенің негізгі түрлеріне мыналар жатады: дала шиесі, 
қүм шиесі, түкті шие, магалеб  шиесі (антипка).
Шие сыртқы түріне жөне жеміс салу типіне қарай бүта 
тәріздес және ағаш тәріздес болып бөлінеді.
Б ү та  тәр ізд ес  а ға ш т а р д ы ң   бірн еш е  д ің і  болады .
О ларды ң  бойы ны ң  б и ік т іг і  3  м -ге  ж етед і,  т ір ш іл ік
үзаңтығы -   15-20  ж ы л.  Ж емістерінің түсі  ңара ңоңыр,
шырыны түсті. Мүндай жемістерді морелъ немесе гриот
деп  атайды.  Отырғызылғаннан  кейін  3-4  ж ы лда  жеміс 
бере бастайды.
Ш иенің ағаш төріздес түрінің биіктігі  5-7 м болады. 
Өсу ңуаты мен жеміс салу сипаты бойынша төтті шиеге 
ж ақы н  болады.  Гүлді  бүршіктері  төмен  температураға 
төзімсіз  келеді,  сондыңтан  ш иенің  бүл  тобы  оңтүстік 
аудандарда тараған. Олардың жемістерінің түсі ңызғылт, 
шырыны түссіз. Ондай жемістерді аморелъ деп атайды.
Шие Ңазаңстанның барлың аймақтарында өсіріледі.
Шие -  сүйекті жемістілердің іш індегі ңысңа ең төзімді
дақы л.  Қ үрғақш ы лы ққа  төзім ділігі  ж оғары .  ПІиенің
ж емістері  ж ас  күйінде  жөне  өңделген  күйінде  тағам
ретінде пайдал аны лады . Ағаш тәріздес ш иенің тірш ілік
үзақтығы —
 20-30 жыл. Отырғызылғаннан кейін 4-5 ж ы л­
да жеміс сала бастайды.
8


Тәтті шие ( туысы
  -
 
Cerasus avium Моепсһ)
Тәтті шиенің барлың сорттары Cerasus avium  Моепсһ 
түрінен  пай да  болған.  Тәтті  ш иенің  биіктігі  8-12  м-ге 
дейін жетеді. Ағаштарының тірпгілік үзақтығы -  50-80 жыл. 
Отырғызылғаннан кейін 4-6 жылда жеміс сала бастайды. 
Эр гектардан орта есеппен 100-150 ц алынады.
А л х о р ы  ( т уы сы  -  P ru n u s L .)
P ru n u s   L.  ту ы сы н а  ал х о р ы н ы ң   40  тү р і  ж атад ы . 
Алхорының  негізгі  түрлеріне  мыналар  жатады:  үй  ал- 
хорысы,  уссурий  алхорысы,  канада  алхорысы,  алш а, 
шомырт, шомырт өрік.
Алхорының ең көп тараған түрі -  үй алхорысы (Prunus 
domestica L.). Үй алхорысының биіктігі 6-12 м-ге жетеді, 
баңта өсіргенде оның бойын 3,5-4 м-ге дейін шектейді.
Үй  алхорысының  тірш ілік  үзаңты ғы   -   25-30  ж ы л. 
Отырғызылғаннан кейін 3-5 ж ылда жеміс сала бастайды. 
Эр гектардан орта есеппен 200 ц өнім алынады.
Ө рік ( т уы сы  -  A rm en ia ca  M ill)
Өріктің көптеген сорттары көдімгі өріктің (Armeniaca 
vulgaris  L a m )  түрінен  пай да  болған.  Өрік  — Оңтүстік 
Қ азақ стан   облы сы нда  кең ін ен   тараған   д ақ ы л .  Өрік 
ағашы биік (5-8 м) немесе өте биік (10-15 м) болып өседі. 
Өнімді отырғызылғаннан кейін 3-5 жылда бере бастайды. 
Өнім  беру үзаңтығы  -   20-30  ж ы л.  40-80  ж ы л  тірш ілік 
етеді.  Эр гектардан орта есеппен  100-120 ц өнім береді. 
Өрік  -   ж ары қ  пен  ж ы лу  сүйгіш  дақы л  жөне  көктемде 
б асқ а  ж ем іс  а ға ш т а р ы н а   қ а р а ға н д а   ерте  гү л д ей д і. 
Қ үрғаңш ы лы ққа  төзімді.  Қазаңстанда өріктің  6  сорты 
аудандастырылған,  оның үшеуі еуропалық жөне үшеуі 
Орта А зиялы ң сорттар.
9


Ш абдалы ( т уы сы  — Persica M ill)
Ш абдалының сорттары кәдімгі шабдалының ( Persica
vulgaris M ill) түрінен пайда болған.  Шабдалы Оңтүстік
Қ азақстан облысында, Ңызылорда облысының оңтүстік
аудандарында  ж әне  А лматы  облысының  Ж аркент  ау-
даны нда  өндірістік  баңтарда  өсіріледі.  Қ азір гі  кезде
ш абдалының ж ер жүзінде 5 мыңға ж уы ң сорты белгілі, 
Қазақстанда 21 сорты бар.
Ш абдалы  бүта  тәріздес  немесе  ағаш   тәріздес  болып 
өседі (биіктігі 3-8 м). Өнімі мол, ж ы л сайын және жемісін 
ерте  бере  бастайды  (2-3  ж ы лдан  кейін).  Т ірш ілік  ету 
үзаңтығы -1 0 -3 0  ж ы л, пайдалану мерзімі -  7-15 ж ыл. Әр 
гектардан орта есеппен 120-180 ц өнім алынады.
Ш абдалы  -   тез  пісіп,  тез  өсетін,  ж ар ы қ  пен  ж ы лу 
сүйгіш дақыл.
Ж и д ект ілер  тобы,
Ж идектілер  тобына  бүлдірген,  таң қурай,  қар ақ ат, 
түш ала,  ж үзім ,  актинидия жатады.  Ж идек даңылдары 
тез және ерте пісіп, ж ы л сайын түраңты өнім береді. Ж и- 
двк өсімдіктері суықңа төзімді, сондыңтан Қазақстанның 
орталық, батыс жөне солтүстік аймақтарында өсіріледі. 
Ж и дек  даңы лдары   көп  тарам аған,  өйткені  ж идектер 
зиянкестермен көп зақымдалады, өрі өнімін ж инап алу
қи ы н .  Ж и дектер  наш ар  саңталады   ж өне  ү зақ   ж олға 
тасымалдауға жарамсыз.
Ж а ң еа ц т ы  жемістер тобы
Бүл топңа жаңғаң, бадам, пісте ағашы, орман жаңғағы, 
фундук, пекан, талшын жатады.
Ж аңғаң  Juglandaceae  түқы м дасы на,  Ju g la n s  туы- 
сына,  regia түріне ж атады.  Ж аңғаң ағаш ының биіктігі 
15-20 м-ге дейін жетеді. Ағаштарының тіршілік үзаңтығы -  
200-300  ж ыл.  Отырғызылғаннан  кейін  4-6  жылдан  соң 
жеміс сала бастайды. ЭДСаңғақ ағаш тары 20-30 ж ы л мол
10


өнім  береді.  Әр  ағаш тан  орта  есеппен  100-150  кг  өнім 
алынады.  Ж аңғаң  — ж арың  және  ж ы лу сүйгіш дақыл. 
Көктемгі суыңңа сезімтал келеді. Топырақтың ылғалына 
талабы ж оғары .
Ж аң ғақты   ж емістер  бүталы  немесе  үлкен  ағаш ты  
болып келеді. Бүл дақылдардың басңа жеміс-жидек өсім- 
діктерінен айырмашылығы — түқымдары жеуге пайдала- 
нылады.  Ж аңғаң жемістілердің түқымдарында  70% -ға 
дейін май, 8-21%  нәруыз, А ,В ,Е,Р дөрумендері болады.
Қ азаңстанда  ж аң ғақ   өсім діктері  аз  тараған,  оның 
себебі бүл даңылдардың қысңы суыққа төзімділігі нашар.
С убт ропикалы қ дақы лдар тобы
Бүл  топңа  жататындар  биологиялың  ерекш еліктері 
бойынш а  екіге  бөлінеді:  цитрустілер  жөне  әр  түрлі 
жемістілер. Цитрустілерге апельсин, мандарин, лимон, 
грейпфрут жатады.
Эр түрлі жемістілерге зәйтүн, қүрма, інжір, анар, жиде 
жатады. Субтропиктік даңылдар суыңқа төзімсіз келеді, 
ж ы лу сүйгіш .  Цитрус  жемістерінде  лимон  ңыш ңылы, 
пектин, А, В, С дөрумендері, минералдық заттар көп бола­
ды. Олардан компот, цукат, сироп даярлайды жөне эфир 
майы,  лимон  қы ш қы лы   алынады.  Қазаңстанда  цитрус 
өсімдіктерін Оцтүстік Қазақстан облысында оранжереяда 
(әйнекті гүлжайда) өсіруге болады.
Т р о п и к т ік  дақы лдар тобы
Бүл  топқа  манго,  банан,  ананас,  қауы н  ағаш ы  (па­
пайю),  қүрма  пальмасы,  кокос  пальмасы  жатады.  Бүл 
даңылдар жер ш арының тропиктік белдеуінде өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет