21
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014
ӘОЖ 82-9
Н. Дәулеткелдіұлы
Шинжяң Іле педагогикалық институтының аға оқытушысы,
Үрімжі қ., Қытай
Ғылыми жетекшісі – ф. ғ. к. доцентi А. Бабашов
e-mail:
nurjanxakelyn@hotmail.com
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жазба нұсқасындағы
мазмұндық ерекшеліктер
Мақалада қазақтың ғашықтық жыры «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» таралу кезеңі, таралған аймақтар, ел
ішіндегі қабылдану кеңістігі, соншама көп нұсқалық өзгеріске енуі, алғаш хатқа түсіп жиналып, жарық көру
барысы іздену бағытына алынады. Бұл ғашықтық жырдың Қазақстан жеріне тараған нұсқаларын түгендеп,
әлем қазақтарына жеткендегі өзгерістері түйінделеді. Қытай қазақтарына тарап жүрген «Ғашықтық ғала-
маты» деген жыр нұсқасының өзге 32 нұсқасынан көп парықты болуындағы мазмұндарға талдау жасалады.
Қытай қазақтарындағы нұсқаның ауызша таралған нұсқа емес, жазба поэмаға жақын екеніне ғылыми кесім
жасалады. Сол жазба нұсқасының мазмұндық бөліктері, ұқсамаған кейіпкерлер есімі, сюжеттің алмасуы,
трагедиялық тартыстың жаңа дәуір шындығына бейім сипатпен жасалуы, көркемдік деңгейінің көтерілуі
қатарлы нұсқалық жаңалығының артықшылығы мен ағаттықтары түгенделеді. Негізі Қазақстан жерінде
табылған ғашықтық жыр нұсқалары мен Қытай қазақтарында таралған нұсқасындағы елеулі парықтар мен
өзгерістердің фольклорлық негізі сын таразысына салынады. «Ғашықтық ғаламаты» атты жыр нұсқасына
ғылыми талдау жасалады.