219
жіберді. Осы аят барша инфәқ иесі мұсылмандарға үлгі
болуы керек:
«Олар өз жандарының қалағанына қарамай
тамақты кедейге, жетім мен тұтқынға жегізеді де,
оларға: «Бұны сендерге Аллаһ ризалығы үшін
жегіземіз. Сендерден өтем де, алғыс та күтпейміз.
Біз Раббымыздың қатты, ашулы күнінен қорқамыз» –
дейді. Аллаһ та оларды сол күннің жамандығынан
қорғайды. Оларға(дың жүздеріне) жарқындық пен
(көңілдеріне) қуаныш береді»
(Інсан, 8-11)
.
Садақаны «Хасбәтән Лилләһ», яғни «тек Аллаһ
ризалығы үшін» беру және сауабы азаймасын деп алғыс
күтпеу сезіміне қатысты үммет аналарының мына күйі
нендей көркем мысал.
Достарыңызбен бөлісу: