Редактор: Закия Махитжанқызы


«Егер  бұны  қабыл  етсек,  елімізде  әдіс  пен  рух



Pdf көрінісі
бет235/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«Егер  бұны  қабыл  етсек,  елімізде  әдіс  пен  рух 

жағынан  шіркеу  сәулетінің  өрнегі  бар  сәулет  үстем 

болады. Өзіміздің Ислами сәулетіміз дами алмайды, 

тұлғасын қа-лыптастыра алмайды».

Міне,  осы  дұрыс  пікір  парасатты  мүминнің  Ислам 

өжеттігі  мен  иман  асылдығын  білдіреді.  Осылай  ІІ 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




353

Баязидтен кейін Османлы Ислам сәулеті де өз шыңына 

шықты.  Бұл  түсінік  аясында  Исламның  рухы  геомет-

рияға  қашалып,  құндылығын  осы  күнімізге  дейін  қор-

ғап  келген  Сүлеймания  және  сол  сияқты  құлшылық 

орындары тізбегі пайда болған. 

Егер бұл сезімталдық болмағанда, Исламның сыпа-

йылығын,  әдемілігі  мен  сәнін,  айбындылығын  көрсете-

тін сәулет өнері ортаға шыға алмас еді. Мимар Синандар, 

Хаттат  Хамдұллаһтар,  Карахисарилар  мен  ұқсастарын 

жетілдіретін  мәдениет  арнасы  болмас  еді.  Сондықтан 

әр  мәселеде  Ислами  тұлғалық  пен  өжеттігін  көрсетіп, 

мұсылман  еместердің  өмір  үлгісіне  ынтығудан  сақтану 

керек.


Хақ  достары  залым  мен  пасық,  кәпірлердің  өмір 

үлгілеріне  қызығу  түгілі  олардың  жақсылықтарына  ие 

болудан  да  сақтанған.  Өйткені  адам  сыйға  жеңілген. 

Көңілде жақсылығы байқалған адамдарға деген жақын-

дық  пен  тартымдылық  сезімі  туады.  Сондықтан  зәру-

шілікпен  қажеттілігімізді  айтуға  тура  келгенде  салих 

адамдарға  жүгінуіміз  керек.  Мәрт  емес  адамға  мұқтаж 

болудан Аллаһқа сыйыну керек.

Қажеттілігін  басқаларға  айтып,  олардан  бір  нәрсе 

сұрайтын-сұрамайтыны  туралы  сұраған  сахабаға  Хазі-

реті Пайғамбар 

r

:



«Жоқ,  сұрама!  Сұрауға  қатты  мәжбүр  болсаң, 

тек салихтардан сұра» – деген 

(Әбу Дәуіт, Зекет, 38)

.

АЛЛАҺ  ҮШІН  СҮЮ, ЖЕК  КӨРУ




354

Бұл  мәселеде  Перғауын  сиқыршыларының  жағдайы 

өте өнегелі:

Бұрын  Перғауынның  құрметі  мен  абыройына  бө-

ленген  сиқыршылар  көрген  мұғжизалары  себебінен  иман 

етеді.  Перғауын  олардың  бұл  істеріне  қатты  ашулана-

ды.  Оларды  өлтірумен  қорқытады.  Сиқыршылар  иман 

асылдығымен,  тұрақтылығымен  имандарынан  қайтпай-

ды. Теріс сенім мен жүйеге бойсұнбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет