дІНдІ ЖЕңІЛдЕТу ӘЛСІЗдІГІ
Дүниелік пайда ойымен берілген рұқсаттар мен діни
үкімдерді жеңілдету иманды әлсіздікке ұшыратады.
Бүгінгі күнде дін мен дүние істерін Құранмен, Сүн-
нетпен таразыламай иманды қауіпке тігетін қаншама
рұқсаттар беріліп жатыр. Бірақ бұдан да жаманы
мына арпалысқан заманда қаншама адам селде аққан
дөңкелердей сезімсіз күйде сүйретіліп, қорлығын бақыт
деп ойлайды. Төңкерілген төңкерілгенін, иіліп қалған
иілгенін байқамағанынан түзеліп тұру үшін күш жұмсау
қажеттілігін сезбейді.
Қоғамымызды жаһандану мәдениеті жаулап алған-
дықтан өз құндылықтарымыздан бас тарту жағдайы
өкінішке орай, Исламның рухына қайшы келетін қол-
даныстарды да бірге алып келді. Тіпті, өмірдің ең ма-
ңызды кезеңдеріне Ислами емес ерекшеліктер арала-
сып, шайтан да оларға ортақ етілді. Алайда, Аллаһтың
құзырынан қуған шайтанға айтқан мына қаһарлы сөздері
адам үшін де қандай маңызды ескерту десеңізші:
Достарыңызбен бөлісу: |