379
Жүректегі Аллаһ үшін жиіркену сезімі әлсіреп,
жоғалса, мұсылман еместердің нәпсіқұмарлық өмір үр-
дісіне еліктегендіктен арадағы айырмашылықтар бір-
тіндеп жоғала бастайды. Иманды арқан деп санасақ,
Аллаһ үшін қарсылық сезімі әлсірегенде арқанның тал-
шықтары бір-бірлеп үзіле бастайтыны айдан анық.
Османлы мемлекеті ие болған жиырма төрт мил-
лион шаршы шақырым жерде түрлі діндердегі, тілдері
де ұлттары да бөлек миллиондаған адамдар ғасырлар
бойы бір жерде өмір сүрді. Бірақ үнемі Исламның үстемдік
пен абыройы жалаудай желбіреп тұа берді. Мұсылман-
дар өз дәстүрлерін жалғастырды. Мұсылман еместердің
ықпалында қалмады. Керісінше, оларға әсер ету арқылы
діні мен мәдениетін ең көркем түрде танытты. Мұсыл-
ман еместердің назарында мұсылмандардың тағамдары
мен күлшелері, әдеттері атақты болды.
Бірақ бүгінгі таңда экономикалық себептерге бай-
ланысты дүние мемлекеттері ішінде төменгі орындарға
түсуімізбен бірге өз мәдениетімізге сай емес көптеген
әдеттер өмірімізге енді. Киім-кешегіміз, той мен көңіл
көтеру, жаңа жыл мен демалыс түсініктеріне, тіпті, үйде
ит асырауға дейін өмірдің көптеген сатысында мұсыл-
ман еместерге ұқсап кеттік.
Әсіресе мұсылман еместер мен шетелдіктер көрсет-
кен сәндік желдерімен қоғамымызда марка ынтықтығы
да пайда бола бастады. Парасатты мүминдердің бұларға
еліктемей, өз мүмкіндіктерімен жаһанданған мәдениет-
тің мәдениетімізге деген шабуылдарын қолдамауы,
СҮЙІСПЕНШІЛІК пен ЖИІРКЕНІШТЕГІ ШЫНАЙЫЛЫҚ
бұларға қарсы шынайы мұсылман ретінде ұлтжанды
сезіммен қарсылық көрсетуі қажет.
Біздің киім үлгілеріміз, үйлеріміздің орналасуы, өмір
сүру салтымыз т.б. Ислам тағылым еткен пішін мен
түсте, үйлесімде болуы керек. Бұл сезімталдықтың үлгі-
сі ретіндегі көрініс Хазіреті Омар
Әзірбайжан мен
Дағыстанға әскер жіберерде ондағы пұтқа табынушы-
лар киімдері мен тағамдарына, әдет-ғұрыптарына елікте-
меу мәселесінде өте қатты ескертулер жасаған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: