Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет287/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«Алайда  сендер  (ей,  адамдар!)  дүние  тіршілігін 

абзал  көресіңдер.  Ахірет  болса,  әрі  қайырлы  әрі 

баянды» 

(А’лә, 16-17)

.

«...  Сендер  өткінші  дүние  малын  көздейсіңдер. 

Алайда  Аллаһ  ахіретті  (о  дүниенің  табысына  қол 

жеткізулеріңді) тілейді» 

(Әнфәл, 67)

.

Дүниеде  қол  жеткізген  байлық  иесіне  ары  кетсе 



қабірге  дейін  ғана  жолдас  болады.  Адамның  дүниеден 

қабірге алып бара алатыны сырт көзге тек бір кебіннен 

ғана  тұрады.  Шынында  адам  қабірге  иманымен,  амал-

дарымен  кіреді.  Сондықтан  дүниенің  опасыз  байлығы-

на  сенім  артпау  қажет,  өткінші  ләззаттарына  алданбау 

керек.


Риуаят  бойынша,  жасаған  жорықтарымен  жер  бе-

тіне  толық  ие  болған  Зүлқарнайн 

u

  өлмей  тұрып, 



былай өсиет еткен екен:

«Мені  жуып,  кебінге  ораңдар!  Кейін  табытқа 

қойыңдар!  Тек  екі  қолым  ғана  сыртта  жатсын! 

Қызметшілерім  соңымнан  келсін!  Қазыналарымды 

да  қашарларға  жүктеңдер!  Халық  менің  өте  көркем 

бір  салтанат  және  дүние  мүлкіне  қарамай  бос  кет-

кенімді,  қызметшілерім  мен  қазыналарымның  да  дү-

ниеде қалғанын, өзіммен бірге кетпегенін көрсін! Бұл 

жалған фәни дүниеге алданбасын!...».

اَيْنُّدلا  َضَرَع َنوُديِرُت

َةَر ِخلآا ُديِرُي ُ ّللاَو

ДҮНИЕДЕН  АХІРЕТ  АРТЫҚ  ДЕП  БІЛУ




432

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

Ғалымдар бұл өсиетті былай түсіндерген:

«...  Дүние  бастан-аяқ  менің  қол  астымда  болатын. 

Сансыз қазыналарға ие болдым. Бірақ дүние нығметтері 

қалушы  емес.  Міне,  көріп  отырғандай  мазарға  қолым 

бос  бара  жатырмын!  Дүние  мүлкі  дүниеде  қалады. 

Сендер ахіретте пайдасы тиетін істерге ден қойыңдар!...»



Аллаһ  Расулы 

r

  бізге,  үмметіне  мына  даналыққа 



толы насихатын айтқан:

«...  Сендерге  бес  қасиетті  өсиет  етемін.  Аллаһ 

олар  арқылы  сендердің  жақсылық  қасиеттеріңді 

кемеліне жеткізсін:

Жей алмайтын нәрселеріңді жинамаңдар,

Ішінде  тұра  алмайтын  ғимараттар  тұрғызбаң-

дар,

Ертең  тастап  кететін  нәрселерің  үшін  басқа-

лармен дауласпаңдар, 

Оған қауышып, құзырына жиналатын Аллаһтан 

қорқыңдар,

Баратын  және  онда  мәңгі  қалатын  жер  үшін 

дайындық  жасаңдар» 

(Әли  әл-Мүттақи,  Кәнзүл-Ұммәл,  № 

1363)

.

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні  –  ақтық  демін 



тапсырарда алданып қалғанын аңғарып, дүниені кінәлау 

пайда  бермейді.  Адам  дүние  нығметтерінің  арқасынан 




433

қуып жүріп, иман мен ізгілік өміріне кірмегені үшін тек 

өзіне ғана зиян еткені. Бітпес қалаулар, өткінші әуестер 

және  фәни  ләззаттар  үшін  шексіз  болашақты  құртып  алу 

нендей  өкінішті.  Дүниеде  өлімнен  қашатын  бір  мезгіл 

немесе  жер  жоқ,  қабірде  де  кері  оралар  мүмкіндік  жоқ 

және  де  қияметтің  азабынан  жасырынар  пана  да  жоқ 

екенін жақсы білу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет