Адамдармен бірге өмір сүріп, олардың жәбір-
жапасына шын жүректен шыдаудың абзалдығын
Мұхаммед Икбал мына хиқаямен тілге тиек еткен:
«Надан марал білімді де салмақты маралға шағым-
данады:
«Бұдан кейін Қағбада, (аң аулауға тыйым салынған)
Харам аймағында өмір сүремін. Өйткені аңшылар
ойпаттар мен жайлауларда, ормандарда тұзақ құрып,
түні-күні артымыздан жүреді. Енді аңшы деген дерттен
құтылып, рахат өмір сүргім келеді».
Надан маралдың айтқандарын тыңдаған тәжірибелі
марал:
«Ей, ақылды досым! Өмір сүргің келсе, қауіпті жер-
де өмір сүр. Өзіңді үнемі қайрақ таспен қайра. Өткір
және гауһарға айналған қылыштан да өткір бол. Иман-
ның деңгейі тек қиыншылық кезінде белгілі болады.
Қауіп сенің күшіңді сынайды. Тәнің мен рухыңның қан-
ша күшті екенін сол айғақ қылады».
Хақтың уәлі құлдарының басқа бір қасиеті – залым
не зұлымға ұшыраған адам болу жағдайында зұлымға
ұшыраған адам болуды таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: