Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет51/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Сағд бин Әби уаққас 

:



«О, Расулұллаһ! (Фитнә кезінде) біреу үйіме кіріп, 

мені  өлтірмек  болса,  не  істейін?»  деп  сұрады.  Хазіреті 

Пайғамбар 

:



ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

82



«Адамның  ұлы  (Хабил)  сияқты  бол!»  –  деді 

(Термези, Фитән, 29/2194)

.

Хақ  достарының  бұл  қасиеттерін  «Хақтың  құлда-



ры көрсеткен жәбір-жапаға Хақ разылығы үшін төзе 

білу» деп, қысқа да нұсқа айта аламыз.

Хақ досы Мағруф кәрһи Хазіреттің мына жағда-

йы қандай ғибраттық:

Мағруф  Кәрһи  Хазірет  өте  нашар  бір  науқасты 

үйіне  қонақ  қылып,  барлық  қызметін  атқарады.  Нау-

қас  ауруының  ыстығынан  түні-күні  ыңырсып,  өзі 

ұйықмағанындай,  үйдегілерді  де  ұйықтатпайды.  Тіпті, 

барған сайын мінезі одан ары нашарлап, үйдегілерді сөге 

бастайды. 

Ақыры оның маза бермес қылығына шыдай алма-

ған  үйдегілер  бір-бірлеп  үйден  қаша  бастайды.  Үйде 

Мағруф  пен  әйелінен  басқа  ешкім  қалмады.  Мағруф 

Кәрһи  түнде  ұйқысын  төрт  бөліп,  науқасқа  қарап 

жүрді.  Бірақ  бір  күні  түнде  ұйықтамай  қызмет  еткені 

үшін  еріксіз  отырған  жерінде  ұйықтап  қалады.  Оның 

ұйықтап жатқанын көрген науқас адам өзіне мейіріммен 

құшақ  ашқан  адамға  рақмет  айтатын  жерде  опасыздық 

танытып, сөге бастайды:

«Бұл  қалай  дәруіштік,  қалай  мұсылманшылық?! 

Онсыз  да  осындайлардың  тек  сырт  көзге  ғана  мұсыл-

83

БІЛІМСІЗДЕР мен НАДАНДАРҒА САБЫР мен ШЫДАМДЫЛЫҚ




маншылығы  бар.  Шынында  жүректерінде  еш  нәрсе  жоқ. 

Өзгелерге  тақуалы  болуды  бұйырады,  алайда  өздері 

жасамайды.  Міне,  бұл  адам  менің  жағдайымды  ойламай, 

ұйықтап жатыр. Қарны тоқ ұйықтаған адам таң атқанша 

көзі ілінбеген бейшара науқастың халін қайдан білсін?!»

Мағруф  Кәрһи  науқастың  бұл  ащы  сөздеріне  сабыр 

етеді.  Бірақ  әйелі  көп  шыдай  алмай,  бұл  опасыз  адамды 

үйден  қуып  жіберуін  сұрайды.  Мағруф  Кәрһи  Хазірет 

жайдары жүзімен:

«Әй,  жаным!  Ол  айтқан  сөздер  неге  сені  ренжіте-

ді? Бақырса, маған бақырды. Көргенсіздік істесе, маған 

істеді.  Ол  айтқан  жағымсыз  сөздер  маған  әрқашан 

ұнамды естіледі. Көріп тұрғаныңдай, ол ауырып жатыр. 

Қарашы,  бейшара  тыныға  алмай  жатыр.  Әрі  мынаны 

да  білгейсің:  нағыз  қаһармандық,  шапқат  пен  мархамат 

осындай адамдардың жапасын көтере білу.

Бұл  қиссаны  Бұстан  атты  шығармасында  жазған 

Шәйх Сағди былай насихат айтады:

«Махаббатқа толы жүрек кешірімді болады. Сен 

жай  ғана  пішіннен  тұрсаң,  өлгеніңде  тәнің  сияқты 

атың да өшеді. Жақсылық иесі, қызмет ететін жан 

болсаң,  өмірің  тәніңнен  кейін  пидашылдығың  мен 

көңілдерде  алған  орныңдай  жалғаса  береді.  Көрмей-

сің  бе,  Кәрһ  қаласында  көп  бейіт  бар.  Бірақ  Мағруф 

Кәрһидің  бейтіндей  білінетін  және  көп  зират  еті-

летіні жоқ».

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

84





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет