RightMark 3DSound тестілеу пакеті DirectSound- үйлесімді
дыбыстық
құрылғылардың
апараттық
мүмкіншіліктерін
жəне
бағдарламалық қолдауды іске асыру сапасын тестілеуге мүмкіндік
беретін тəуелсіз синтетикалық дыбыстық тесті жасау үшін арналған.
Пакетке үш утилита кіреді: Positioning Accuracy test (DirectSound3D
сынау кезінде дыбыс көздерінің сапасын тексеру), CPU Utilization test
(DirectSound-құрылғының жұмыс істеу режиміне байланысты
процессордың жүктеуін өлшеуге арналған тест), Data Analyzer (ОЖ-нің
кездейсоқ белсенділік жарқылының əсерін жоққа шығаруға, сондай-ақ
процессордың жүктелу сипаты туралы ақпараты көбірек алуға арналған
статистикалық талдағыш).
RightMark 3DSound пакет жоғары деңгейде орындалған жəне
қарапайым, сол сияқты кəсіби пайдаланушыларға келісті.
PassMark SoundCheck бағдарлама Windows-қа арналған қосымша
болып табылады, ол пайдаланушыларға өз компьютерлерін, дыбыстық
карталарын, колонкаларды жəне микрофонды, жоғары жəне төмен
жиіліктерді жаңғырту үшін колонкалардың мүмкіншіліктерін тексеруге
мүмкіндік береді. Тестілеу сигналдарының мүлтіксіз нысандарын жəне
олардың айналма циклін жасау үшін бұрмалауларды іздеу кезінде
PassMark-аудиокабель жəне шлейф қолданылады. Дыбыстық картаның
осы қосымша мүмкіншіліктерін талдау үшін SoundCheck сондай-ақ FX
аудиотестіжəне көлемді дыбыстық тесті қамтамасыз етеді. Стерео-
немесе монодыбысдискреттау мен ажыратымдылықтың əртүрлі
жиіліктерінде жазылуы жəне жаңғыртылуы мүмкін. SoundCheck
кіріктірілген тон-генератордан тұрады, ол таңдалған жиілікте жəне
дискреттаудың жиілігінде тест сигналдарын жасауға мүмкіндік береді.