Тінтуірді mice JUDGE утилитасымен тексеруге болады –
манипулятор параметрлерін зерттеу үшін. Бағдарламаның мəні, ол
тінтуірдің жылжуы туралы сигнал графиктерін құрады. Тиісінше X жəне Y бойынша екі ось құрылады. Тінтуірдің тұратын жері əдетте
секундына жүз есе өзгеретіндіктен, тиісінше график та тұтас
болмайды. Егер байсалды қисықтан (əсіресе қозғалыстың жоғары
жылдамдықтарында) кенеттен ауытқулар пайда болса, онда бұл
тінтуірдің жайғасым жүйесі мен сигналды өндеу жүйесі айқын
жұмыс істемейтінің білдіреді, сондықтан көздеу кезінде қателер
болуы мүмкін. Тінтуірді тестілеуге арналған басқа бағдарламалар да
бар: MouseTest, Mouse v1.0, Enotus Mouse Checker. Пернетақтаны да
тестілеудің бағдарламалары болады: PassMark KeyboardTest,
KeyBoard Control, Swift Keyboard, Mediakey, Active Keyboard, Hot
Keyboard Pro.