Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



Pdf көрінісі
бет122/198
Дата07.01.2022
өлшемі5,83 Mb.
#18708
түріПрактикум
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   198
Байланысты:
Каз. Чащина Обслуживание аппаратного обеспечения Практикум

120 
Сканерді қосу 
 
Сканердің  аппараттық  интерфейсі  (деректерді беру интерфейсі) 
сканер  жəне  компьютер  арасындағы  ақпаратты  алмасуды 
қамтамасыз  етеді.  Одан  компьютер  мен  сканер  арасындағы 
деректерді  беру  жылдамдығы  байланысты  болады.  Егер 
сканерленген фотосуреттер немесе қандай да бір басқа графикалық 
материалдардың  жоғары  сапасы  қажет  болса,  бұл  сипаттама  өте 
маңызды  болуы  мүмкін.  Тиісінше,  егер  сканер  жəне  компьютер 
арасындағы  деректерді  беру  жылдамдығы  төмен  болса,  онда 
нəтижені  ұзақ  күтуге  тура  келеді.  Қазіргі  кезде  нарықта  келесі 
интерфейс типті сканерлер ұсынылады: 
1. Интерфейс LPT (стандартты  параллель  порты).  Бұл 
интерфейс баяулардың бірі  жəне  жаңа жабдықта  кездесе  бермейді. 
Ондай жағдайда орнату кезінде мəселелер туындауы мүмкін, себебі 
барлық  компьтерлер  осындай  порттармен  жабдықталмаған. LPT 
интерфейсі  бар  сканерлерде  əрқашан  «өтпелі  порт»  болады,  яғни 
сканер LPT- портты  жалғыз  қолданылмайды,  ол  тағы  бір 
құрылғыны  қосуға  мүмкіндік  береді  (əдетте  осындай  құрылғы 
принтер болуы мүмкін). 
2. Өзіндік  интерфейс.  Оны  кейде ISA деп  атайды.  Мұндай 
интерфейс,  сканер  жұмыс  істей  алатын,  жеке  карта  ретінде 
сатылады.  Мұндай  карталар  бірегей,  соныдқатн  ауыстырған  кезде 
мəселелер туындауы мүмкін.   
3. SCSI-интерфейсі – деректерді  беру  интерфейстердің  ең 
жылдам  нұсқаларының  бірі.  Алайда  сканермен  бірге SCSI-карта 
жеткізілмейтін  болса,  онда  басқа SCSI контроллермен  үйлесу 
мəселесі  туындауы  мүмкін.  Егер  сканерді  жеткізу  жиынтығына  өз 
картасы  енгізілген  болса,  онда  сканерді  қосу  мен  қолдану  мəселе 
туындатпайды.   
4. USB  интерфейсі. USB-сканердің  құнытөмен,  ал  осы 
интерфейстің  өнімділігі  параллель  портқа  қарағанда,  неғұрлым 
жоғары,  алайда  кейбір  сканерлер  зарядтауды USB-ден  жүзеге 
асырады  жəне  оларда  желіге  қосылатын  өзіндік  қоректену  блогы 
болмайды.  
5. FireWire (IEEE 1394) интерфейсі  арқылы  сканерді 
компьютерге  қосу  мүмкіндігі – деректерді  берудің  тізбекті 
жылдамдығы жоғары интерфейс (400 Мбит/с тарату жылдамдығы). 
Ол сканерді компьютерге қосу үшін қолданыла алады.   
6.  Сканерді Wi-Fi интерфейсі арқылы басқа құрылғыларға қосу 
мүмкіншілігі. Wi-Fi (IEEE 802.11b/g) – түйіспесіз  байланыстың 
стандарты,  үй  жəне  кеңседе  түйіспесіз  желіні  құру  үшін 


121 
қолданылады.  Егер  сіз  түйіспесіз  желіні  қолдансаңдар,  онда Wi-Fi 
барсканер  желілік  сканерге  айналады,  яғни  желінің  барлық 
пайдаланушылары  оны  қолдана  алады.  Сонымен  бірге  сканеді 
кабельдің көмегімен желіге қосу қажет болмайды.  
7. Сканерде Ethernet (RJ-45) интерфейсінің бар болуы. Ethernet – 
компьютерлік  желілерде  деректерді  берудің  кең  таралған 
технологиясы.  Барлық  қаманауи  компьютерлер Ethernet 
интерфейсімен  жабдықталған.  Сканерлерде Ethernet интерфейсі 
ретінде  əдетте  RJ-45 ағытпасы  бар Ethernet 10/100BASE-T 
қолданылады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет