126
да қатысты). Нəтижесінде ізтаңбаларда қара дақтар немесе жоғары
фон болуы мүмкін. Принтерге əрбір парақты басып шығарудын
алдында баранданды тазалау жүйесі кіріктірілген жəне ол қосымша
тазалауға мұқтаж емес. Ең болмағанда, егер бірнеше парақты
шығарғаннан кейін принтер өзі жоя алмайтын, барабанда тонердің
жабысып қалған дақтары болса, оларды құрған жұмсақ матамен
сүртіп кетіріп көруге болады.
Принтерді қыздыратын аспаптардың жанына, ылғалдылығы
жоғары жəне шаңданған жерлерге орнатуға болмайды. Осылардың
барлығы ізтаңба сапасына жəне картридждің қызмет көрсету
мерізіміне жəне принтердің де өзіне жақсы əсер тигізбейді.
Мүмкіндігінше сапасы төмен қағазды қолданудан бас
тартыңдар. Қағаз құрамында шайырдың көп болуы қымбат тұратын
«пештің» қызмет көрсету мерізімін күрт төмендетеді. Сондай-ақ
түпнұсқалық емес тонермен картриджді толтырудан бас тартқан
жөн.
Принтер жерге қосқышы бар қуат желісіне қосылуы тиіс. Себебі
баспа кезінде заряд-бəсеңдеу үздіксіз үдерісі жүріп жатады, заряд
жерге қосқыш сыммен жалғасқан жақтаумен, ал ол өз қатарында
барабанмен жалғасқан барабанның түптөсеміне ағуы тиіс. Егер
жерге қосқыш контурмен байланыс болмаса, үздіксіз баспа кезінде
заряд принтердің жақтауы мен корпусына жинақталуы мүмкін, бұл
жартылай бəсеңдетуге əкеледі, салдарында, «ақшыл» ізтаңбалар
түзіледі. Сонымен қатар статикалық электр принтердің кейбір
электрондық құрауыштарына зиянды.
Достарыңызбен бөлісу: