Корпустық желдеткіштерді орнататын орынды анықтандар, олардың
өлшемін (40 х 40, 60 х 60, 80 х 80, 82 х 82, 92 х 92, 100 х 100, 120 х 120,
135 х 135, 139 х 139, 140 х 140, 150 х 150, 180 х 180, 200 х 200, 230 х 230
жəне т.б.) жəне қосу интерфейсін (3-pin, 4-pin Molex жалғастырғыш тетік
жəне т.б.).
Корпустық желдеткіштерді орнату үшін қажетті құрал-саймандарды
таңдап алындар: бұрағыш; жүйелі блоктың металл корпусында саңылау
жасау үшін құрал-сайман (бұрғы, жұмыр егеу); желдеткіштің дірілін
жұмсартуға арналған материал (тығыз поролон, жұмсақ резеңке жəне т.б.);
желдеткіш жиынтығына кіретін, бұрама шегелер.
Желдеткіштерді орнату ережелері: бет панельге сорып үрлеуге
желдеткіш орнатылады; жоғарғы бөлігіне – үрлеп шығаруға; бүйіріне-
сорып үрлеуге; артқы панель – үрлер шығаруға. Бұл жүйе салқындатуға
қажетті барлық салаларға таза ауа ағының қамтамасыз етеді, содан кейін
оны корпустан тиімді шығарады.
Желдеткіштің корпусын орнатындар жəне қосындар. BIOS/ UEFI
арқылы желдеткіштердің айналу жылдамдығын баптау параметрлерін
анықтандар. Компьютерді SpeedFan бағдарламасымен тестілендер.
Интернетті
қолданып, SpeedFan бағдарламасына
нұсқаулық
жасандар.Интернетті
қолданып,
кулер
мен
желдеткіштердің
негізісипаттамаларын жасандар.