144
19 – тəжірибелік жұмыс
Тақырып:
КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚОРЕКТЕНУ
БЛОГЫН ПАЙДАЛАНУ, ТЕСТІЛЕУ ЖƏНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЖАЗУ
Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Интернет қосылған
компьютер, стенд қоректену блогы, ATX (POWER SUPPLY TESTER)
қоректену көзінің тестері, Power watt PC бағдарламасы.
Тапсырмалар
Компьютердің қоректену блогын (ҚБ) пайдалану материалын
зерттеңдер (Интернет-ресурстар): барлық құрылымдардың сенімді
бекітілгенін қадағалау қажет; қорек көзінің қуаты оңтайлы режим кезіндегі
мəні жиынтық жүктемесне қарағанда жоғары болуы тиіс. Осының
арқасында өткізгіштер мен базалық жартылай өткізгіш элементтерінің
қызуы орын алмайды.
ҚБ желілік сүзгі немесе үздіксіз қоректену көзін қолданып қосу қажет,
олар кернеудің секірісін тегістейді жəне қоректенетін электр желісін
тұрақтандырады.
Жүйелі блокты шаң жəне түтін жиналмайтын жерде пайдалану керек.
Қуат көзінен сөндірілген қалпында мерізімді сыртын ашып, жұмсақ
қылқаламмен шаңсорғышпен бірге элементтерде жиналып қалған шаңды
сүртіп алу қажет.
Компьютер кулерлерінің жұмысын тұрақты бақылап отыру қажет.
Олар ішкі құрауыштарын үрлеп, жылуды жүйелі блоктың сыртына
қайтарады. Желдеткіштер əрқашан жақсы майланған болуы тиіс.
Профилактикалық тазалауды өткізуді жол, микросхема жəне
электрониканың басқа бөлшектерінің жағдайын ішкі тексерумен біріктіру
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: