161
салмағын
түбіндегі
тіліктер
жəне
саңылаулар
арқылы
соратындығымен байланысты. Егер оларды жауып қойса, онда
ноутбук процессорды қыздырудан қорғау іске қосылғанға дейін
қатты қызитын болады. Ол іске қосылғанда ноутбук сөніп қалады.
Ноутбукты оған күн сəулесі тура түсіп тұрғанда пайдалануға
немесе сақтауға тыйым салынады, күн сəулелері монитордың
матрицасының кристалдарына тері əсер тигізеді.
Температуралардың ауысуы да қауіпті. Қыста, «салқыннан»
тасымалдағаннан кейін жылы бөлмеде жұмыс істеуді бастар
алдында ноутбукқа климатқа бейімделу үшін уақыт беру қажет:
мұндай жағдайларда корпустың ішінде конденсат түзіледі, ол
аналық тақшаның тоқ өткізгіш жолдарының түйықталуы мен тот
басуына əкеледі. Климатқа бейімделуге қажетті уақыт – үш
сағаттан кем емес.
Ноутбукқа қатты электрмагниттік сəуле көздері əсер тигізеді,
сондықтан
қуатты
электр
аспаптарға
көршілес
орнату
ұсынылмайды. Сонымен қатар ноутбукты сілкініс пен соққылардан
қорғау қажет, себебі бұл ішкі құрылғылар (қатқыл диск) жəне
сыртқы түріне əсер тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: