182
б)
кодактар дұрыс жұмыс істемейді;
в) қатқыл дискінің секторлары жаман
.
8. Егер пайдаланушы компьютерді іске қосып, ол бірнеше уақыттан
кейін тежелуін бастаса, компьютердің қатып қалу себебін анықтаңдар:
тəнтуір, пернетақта əрекет етпейді, HDD –гі қызыл индикатор əрқашан
жанып тұрады. 3...5 минуттан кейін компьютердің жұмысы қалыпқа
келеді. Компьютердегі қоректену блогы, бейнекарта жəне жедел жады
ақаусыз:
а) қатқыл диск ақаулы, секторлары жаман;
б) драйверлердің қақтығысы;
в) аналық тақтадағы шлейфтер дұрыс қосылмаған.
9. Егер компьютерді қосқан кезде бір де бір индикатор жанбаса жəне
бір де бір дыбыс шықпаса, жүйелі блоктың қандай құрылғысы электр
қуатының секірісіне төзбеді, анықтандар. Қоректену блогындағы
салқындату жұмыс істемейді. Жанған сымдардың иісі жоқ:
а) аналық тақша ақаулы;
б) қоректену блогы ақаулы;
в) түйіспе жоқ.
10. Жұмыс істеп тұрғаннан компьютердің 30 минуттан кейін сөніп
қалудың себебін анықтаңдар. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
профилактикалық іс-шаралар үш жыл өткізілмеді:
а) қоректену блогында түйіспелер жоқ;
б) процессорда салқындату жоқ немесе жеткіліксіз;
в) бейнекарта ескірген.
11. Себебін анықтандар: желілік картада индикатор жанбайды, алайда
ақаусыз кабель қосылған, BIOS-қа желілік карта қосылған:
а) желілік картадағы ағытпа ақаулы;
б) аналық тақша ақаулы;
в) желілік кабельдің коннекторында сигнал жоқ.
12. Тазалаудан кейін жəне жаңа картриджбен 5 мм жолақты
баспайтын лазерлік принтердің ақаулығын анықтандар:
а) пеш ақаулы;
б) аунақшалары ақаулы;
в) девелопер ақаулы.
Достарыңызбен бөлісу: